Роберт Колман Ричардсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Роберт Колман Ричардсон
ағылш. Robert Coleman Richardson
Туған күні

26 маусым 1937 (1937-06-26)

Туған жері

Вашингтон, АҚШ

Қайтыс болған күні

19 ақпан 2013 (2013-02-19) (75 жас)

Қайтыс болған жері

Итака, Нью-Йорк, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

төмен температура физикасы

Марапаттары


Саймон мемориалдық сыйлығы (1976)
Оливер Бакли сыйлығы (1981)
Нобель сыйлығы Физика саласындағы Нобель сыйлығы (1996)

Роберт Колман Ричардсон (ағылш. Robert Coleman Richardson; 26 маусым, 1937 жыл, Вашингтон19 ақпан 2013 жыл) — американдық физик, 1996 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығын Дуглас Ошеров және Дэвид Лимен бірге «гелий-3 асқын сұйықтығын ашқаны үшін» алды.

АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1986).

Ол Виргиния технология университетінде оқып, 1958 жылы бакалавр дәрежесін, 1960 жылы магистр дәрежесін алды. Дьюк университетінде аспирантурадан кейін 1965 жылы докторлық дәрежесін алды.

  • 1959—1960 және 1966 жылдан бастап Итакадағы Корнелл университетінде жұмыс істеді; 1968 жылдан — профессор.
  • 1990—1997 жж — Атом және қатты дене физикасы зертханасының директоры,
  • 1998—2003 жж — ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор.

Негізгі ғылыми жұмыстары төмен температуралар және аққыштық физикасына, кванттық сұйықтықтардың қасиеттеріне, ультра төмен температурадағы ЯМР-ға қатысты болды. 1972—1974 жылдары Д. Ли және Д. Ошеровпен бірге гелий изотопы 3He-дің артық сұйықтығы құбылысын ашып, зерттеді. Осы жаңалығы үшін оған 1996 жылы физика бойынша Нобель сыйлығы берілді (Д. Ошеров пен Д. Лимен бөлісті). Ол екі рет Гуггенхайм стипендиясын алды: 1975 және 1982 жылдары[1].

2013 жылы 19 ақпанда жүрек талмасынан кейінгі асқынулардан қайтыс болды[2].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Robert C. Richardson  (ағыл.). John Simon Guggenheim Foundation. gf.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 сәуір 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 сәуір 2019.
  2. Robert C. Richardson, Nobel laureate and Cornell physicist, dies  (ағыл.). Cornell Chronicle. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 сәуір 2019.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 сәуір 2019.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]