Иокогама

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Иокогама
横浜市

Орталық
Ту
Ту
Әкімшілігі
Ел

 Жапония

Аймағы

[[Канагава префектурасы ,
Канто аймағы]]

Мэр

Хироши Накада

Тарихы мен географиясы
Координаттары

35°26′ с. е. 139°38′ ш. б. / 35.433° с. е. 139.633° ш. б. / 35.433; 139.633 (G) (O) (Я)Координаттар: 35°26′ с. е. 139°38′ ш. б. / 35.433° с. е. 139.633° ш. б. / 35.433; 139.633 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1858

Жер аумағы

437,38 км² км²

Уақыт белдеуі

UTC+9

Тұрғындары
Тұрғыны

3,697,894 адам (2012)

Тығыздығы

8,500/км² адам/км²

Ресми тілі

жапон

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+81 995

city.yokohama.jp

Иокогама картада
Иокогама
Иокогама

Иокогама (жапон. 横浜市 (Йокохама-си; Ёкохама))Жапониядағы ірі,өнеркәсіптік портты қала.Канагава префектурасының әкімшілік орталығы.Елдің астанасы Токиодан 30 км қашықтықта орналасқан.Қаланың жер аумағы-437,38 км², халық саны-3,697,894 адам (2013).Экономикалық базасы өте мықты-бұнда әлемдік үлкен корпорациялардың орталық офистері орналасқан. Теңіздік транспорт қаланың экономикасында үлкен рөл атқарады.Басты өндіріс салалары-биотехнология және меншікті өткізгіштік.

18 ғасырдың ортасында бұл қаланың халқы балық аулаумен және ауыл шаруашылығымен айналысқан. Қала екі шағын елді мекеннің Йокогама және Канагава, 1858 жылы бірігуінен құрылды, елді мекендердің тұрғындары ауыл шаруашылығы және балық аулаумен айналысатын. Кейін,біраз уақыттан кейін шетелдік кемелер мен жүктерді қабылдайтын теңіздік порт салынған. Одан кейін порт құрылысы басталды, содан кейін шетелдік коммерциялық кемелерді қабылдай алатын болды. Теңіздік порттардың арқасында Иокогама біртіндеп экономикалық, транспорттық маңызы бар қалаға айналды. Басқа елдермен сауда-саттық процестер нәтижесінде қала Жапонияның экономикасына көп үлес қосқан.[1]

Келесі екі онжылдықта, Йокогама жапон аралдарының ірі порттардың біріне айналды, және 1889 жылы тұрғын саны 122 мыңға жетті. Ірі табысқа жетуіне қаладағы инфрақұрылымның дамуы әсер етті, қаланы сумен жабдықтау (1887) және (1890) электрлендіру құрылысы жүрді. Қала тарихындағы ең қайғылы оқиғалардың бірі 1923 жылы күшті жер сілкінісі болды, 60 мың ғимараттар өртеніп немесе күйреген және 20 мыңға жуық адам қаза тапқан, үйінділер астында қалған. Қала билік пен тұрғындарының үлкен күш-жігері арқасында 1929 жылдың соңына қарай қалпына келтірілген болатын.

1931 жылы, ейінірек көптеген өнеркәсіптік нысандар салынған, Цуруми өзенінің сағасына құрғақ топырақ тасталды. Қала 1945 жылы американдық бомбалау кезінде аса қайғылы кезеңді бастан өткерді, 14 мыңнан астам адам қаза тапқан және шамамен 80 мың ғимараттар қираған

Йокогамада 1934 жылы 3 сәуірде, ресей фашистік партия көшбасшысы К. В. Родзаев және Бүкілресейлік фашистік ұйымның көшбасшы А.А. Vonsiatsky, арасындағы нөмірі 1-ші хаттамаға қол қойды, онда Р. Ф. П. және Б.Ф.Ұ.-н біріктіру және Бүкілресейлік фашистік партияның (БФП) құру туралы жариялаған .

Иокогама станциясы
Түндегі көрініс
Халқы
Санақ жылы Халық саны Жапония қалалары арасында орны
1920 422 942 6
1925 405 888 6
1930 620 306 6
1935 704 290 6
1940 968 091 5
1945 814 379 4
1950 951 189 4
1955 1 143 687 4
1960 1 375 710 3
1965 1 788 915 3
1970 2 238 264 3
1975 2 621 771 2
1980 2 773 674 2
1985 2 992 926 2
1990 3 220 331 2
1995 3 307 136 2
2000 3 426 651 2
2005 3 579 133 2
2009 3 670 669 2
2013 3 702 551[2] 2

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Иокогама Токио шығанағының батыс жағалауында, Токиодан 30 шақырым жерде орналасқан, екі ара темір және автомобиль жолдарымен, сондай-ақ Кавасаки қала көшелесімен қосылған.

Қала климатының жеңіл болуы, теңіз жағалауына жақын орналасуына байланысты. Климаты субтропикалық мұхиттық климат. Жылдық орташа температура 16-17 °C; Жылдың қаңтар және тамыз айының орташа температурасы тиісінше 5,6 °С және 26,4 °С. Барынша маусым және қыркүйек айында көп жауатын жылдық жауын-шашын (тиісінше 190 және 230 мм), 1630 мм-ге дейін жетеді [3].

Білім және ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Йокогама ұлттық университеті 1949 жылы құрылған.

Демалыс орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Иокогамадағы чайнатаун

Қалада көптеген ойын-сауық орталықтары,парктер,саябақтар орналасқан.Қаланың символы-«Лэндмарк Тауэр» ғимараты,биіктігі-300м.Ішінде әлемдегі ең жылдам лифт жұмыс істейді. Қаланың көрінісін, панорамасын 112 метрлік "Шолу дөңгелегінен" қарауға болады.Қаладағы танымал орындар-"Ямашита" паркі, Санкейен- дәстүрлі жапондық ағаштан жасалған ғимараттар музейі.[4]



Бауырлас қалалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Города Японии. Йокогама Мұрағатталған 5 мамырдың 2014 жылы.
  2. Population News No.1046(Oct 1, 2013) Мұрағатталған 5 мамырдың 2014 жылы.
  3. Yokohama Weather, When to Go and Yokohama Climate Information. world-guides.com. Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 шілде 2012. Тексерілді, 11 қаңтар 2010.
  4. ЯПОНСКИЙ ГОРОД ЙОКОГАМА - ОТДЫХ И РАЗВЛЕЧЕНИЯ В СОВРЕМЕННОМ МЕГАПОЛИСЕ