Одесса

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Одесса (айрық) деген бетті қараңыз.
Облыс орталығы
Одесса
укр. Одеса
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Украина

Облысы

Одесса

Ауданы

Одесса

Ішкі бөлінісі

4 аудан

Тарихы мен географиясы
Координаттары

46°29′10″ с. е. 30°43′40″ ш. б. / 46.48611° с. е. 30.72778° ш. б. / 46.48611; 30.72778 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°29′10″ с. е. 30°43′40″ ш. б. / 46.48611° с. е. 30.72778° ш. б. / 46.48611; 30.72778 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1415

Алғашқы дерек

1415

Бұрынғы атаулары

1795 жылға дейін – Қажыбей

Облыс орталығы статусы

1794

Жер аумағы

162,42 км²

Орталығының биiктігі

50 м

Климаты

ылғалды континенттік, субтропиктік мұхиттық

Уақыт белдеуі

UTC+2

Тұрғындары
Тұрғыны

1 010 537 адам (2022)

Тығыздығы

6237,8 адам/км²

Агломерация

Одесса агломерациясы

Ұлттық құрамы

украиндар — 61,66 %,
орыстар — 28,89 %,
болгарлар — 1,32 %,
еврейлер — 1,22 % (санақ 2001)

Конфессиялар

христиандар (православие, протестанттар), мұсылмандар, т.б.

Ресми тілі

украин тілі

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

65000—65480

Одесса картада
Одесса
Одесса

Одесса (укр. Одеса) — Украинаның оңтүстігіндегі қала. Одесса облысының, ауданының әкімшілік орталығы және Украина теңіз-әскери күштерінің басты теңіз-әскери базасы орналасқан. Елдегі Киев пен Харьковтан кейінгі үшінші үлкен қала. Ол Қара теңіз жағалауында орналасқан. Ең ірі теңіз сауда порты. Мәдени-ағарту, туристік, сауда, көлік орталығы. Одесса қалалық аумақтық қоғамдастығының құрамына кіреді. Халқы – 1 010 537 адам (2022). Экономикасының негізін көлік, машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ және жеңіл өнеркәсіп құрайды.

Қазіргі Одессаның жалпы ауданы 236,9 шаршы метрді құрайды. Қала Украинаның Қара теңіз жағалауында орналасқан.[1] Одесса Қара теңіз ойпатының оңтүстік-батыс шетінде орналасқан. Дала үстіртінің орташа биіктігі шамамен 45 - 50 м, қала Одесса шығанағының жағалауында солтүстікте Котовское ауылынан оңтүстіктегі Черноморка ауылына дейін 50 км қашықтықта созылып жатыр.

Жағалау белдеуінде оңтүстік пен оңтүстік-батысқа қарай үстірт биіктіктерінің аздап төмендеуі байқалады. Солтүстік-батыс бағытта үстірт биіктігі Одессадан Дачной станциясына дейін шамамен екі есе артады. Осылайша, солтүстік-батысқа қарай үстірттің биіктігі әр километрге орта есеппен 2 м-ге артады. Үстірт арқылы өтетін терең сайлар жауын-шашынның ағынын реттеуде үлкен рөл атқарады. Одесса қаласының жағалау рельефін құрайтын және қалыптастыратын негізгі факторларға көшкін мен абразия жатады. Бұл екі фактор теңіздің құрлыққа жылдам ілгерілеуіне әсер етеді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]