NEAR Shoemaker

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
NEAR Shoemaker

Ұйымы  АҚШ, НАСА
Басты мердігерлері Applied Physics Laboratory
Тапсырысы Астероидтарды зерттеу
Ұшыру күн-айы 17.02.1996 ж., 20:43:27 UTC, Канаверал мүйісі
Сөре көлігі Delta II зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 5 жыл және 21 күн
NSSDC нөмірі 1996-008A
Торабы http://near.jhuapl.edu
Массасы 487 кг (отынмен 805 кг)
Қуаты 1800 Вт

NEAR Shoemakerастероидтарды зерттеу мақсатымен 1996 жылы ұшырылған америкалық ғарыш кемесі. Басында NEAR (Near Earth Asteroid Rendezvous) деп аталған, кейін америкалық геолог пен планетолог Юджин Шумейкердің құметіне орай атауы өзгертілді.

Негізгі миссиясы — Жерге жақын ұшатын (433) Эрос астероидын айналып зерттеу. 2000 жылы NEAR Shoemaker оның орбитасына кірді, сөйтіп астероидтардағы алғашқы жасанды серік болды. Бір жылдан соң ол астероид бетіне қонған алғашқы ғарыш аппараты болып шықты.[1]

Осы астероидқа қарай ұшар жолда NEAR Shoemaker (253) Матильда астероидын 1200 шақырым қашықтықтан зерттеп үлгерді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: NEAR Shoemaker

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]