FlyArystan

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
FlyArystan
ИАТА
FS
ИКАО
AYN
Шақыру белгісі
ASTANALINE
Құрылған жылы2018 жыл 2 қараша
Қызметін бастады2019 жыл 1 мамыр
Әуе паркінің саны20
Ұшу бағыттарының саныІшкі рейстер: 14 Халықаралық рейстер: 8
Бас компаниясыҚазақстан Air Astana
Компания ұраныСаяхатқа ИӘ деп айт!
Штаб-пәтеріАлматы, Қазақстан Қазақстан
Басшылары* Питер Фостер
Президент және бас атқарушы директор ("Air Astana")
  • Ибрагим Жанлыел
    Қаржы жөніндегі атқарушы директор ("Air Astana")
  • Адриан Хамильтон-Маннс
    Басқарушы директор ("FlyArystan")
  • Ричардж Леджер
    Басқарушы директор міндетін атқарушы ("FlyArystan")
Сайты: flyarystan.com


FlyArystan — 2019 жылдың мамыр айында қызметін бастаған алғашқы қазақстандық лоукостер. Әуекомпания тек Қазақстан емес, сонымен қатар Орталық Азия мен ТМД елдеріндегі алғашқы лоукостерлердің бірі саналады. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

2019 жылы 1 мамырда Алматыдан ұшып шыққан FlyArystan әуекомпаниясының бірінші рейсін Астана әуежайында су аркасымен қарсы алуы

FlyArystan-ды құру идеясы «Air Astana» АҚ бастамасымен 2018 жыл бойы талқыда болды. 2018 жылдың 2 қарашасында идеяны бірлескен акционерлер және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мақұлдады. Акционерлер қатарында «Air Astana» АҚ, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры, BAE Systems британдық компаниясы болды.

2024 жылы FlyArystan қазақстандық авиациялық заңнамаға және халықаралық пайдалану стандарттарына сәйкестігін растайтын Қазақстанның авиациялық әкімшілігінен (ҚАӘ) өзінің тасымалдаушы сертификатын (AOC) алды. Бұл FlyArystan-ға IATA кодын алуға, сол арқылы өзінің сыртқы нарықтардағы қатысуын кеңейтуге және басқа әуекомпаниялармен ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді. FlyArystan «Air Astana» АҚ-ның 100% еншілес компаниясы болып табылады.

Лоукост моделі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

FlyArystan классикалық лоукостер моделін ұстанады, яғни, төмен тарифтермен қатар, тек жолаушылардың жеке қалауы мен қажеттіліктеріне сәйкес ақы алады. FlyArystan-ның басты ұстанымы  – жоғары сапалы қызметтерді төмен бағада ұсыну. Лоукостер барлық қызмет көрсету мен қауіпсіздік стандарттарын ұлттық әуетасымалдаушы деңгейінде сақтайды.

Нарық пен әуекомпаниялардың өсуі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
FlyArystan ұшатын бағыттары[1][2]

2018 жылдан бастап Қазақстанда ішкі әуе тасымалдар нарығы 55%-ға өсіп, сатылған билеттер саны 9,3 млн жетті. 2023 жылғы жағдай бойынша FlyArystan ішкі тасымалдау нарығының 37%-ын алады, бұл топтың нарықтағы үлесін 2018 жылғы 52%-дан 2023 жылы 67%-ға дейін ұлғайтты. 2019 жылы FlyArystan қызметін бастағаннан бері әуекомпания жолаушылар санын 5,1 есе - 3,6 миллионға, ал кірісті 2023 жылы 10 есе - 278 миллионға дейін арттырды.

Маршруттық желі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

FlyArystan рейстері 2019 жылдың мамыр айында Алматыдан Астанаға, Таразға, Оралға, Қарағандыға, Павлодарға, Шымкентке және кері қарай алты бағыт бойынша екі борттан басталды. 2019 жылдың тамызында бағыттар саны көбейе бастады. Қазір әуекомпания ауқымды маршруттық желі бойынша рейстерді орындайды. Бағыттардың жалпы саны компания іске қосылған сәттен бастап 2,3 есеге өсті, ал Airbus A320 ұшақтарының қазіргі паркі Алматы, Астана, Атырау, Ақтау және Шымкент қалаларында орналасқан. Бюджеттік тасымалдаушының маршруттық желісі Қазақстан бойынша 14 ішкі рейсті және Грузия, Әзірбайжан, Түркия, Үндістан, БАӘ, Катар, Өзбекстан және Қытай елдеріне халықаралық бағыттарды қамтиды.

Әуекомпания бағыттарының тізімі (2024 жылғы маусым):

Бағыттар:
Мемлекет Қала
Қазақстан Алматы Астана Шымкент Ақтау Түркістан Орал Ақтөбе Атырау Өскемен Павлодар Қарағанды Семей Қостанай Қызылорда
Түркия Ыстамбұл
Грузия Кутаиси
Өзбекстан Ташкент
Қырғызстан Бішкек
Әзірбайжан Баку
Үндістан Дели Мумбаи
Қытай Үрімші

2024 жылдың маусым айының басында FlyArystan әуе флоты 180/188 орындық 20 Airbus A320 типті ұшақтардан тұрады. Бұл FlyArystan 2019 жылы іске қосылғаннан бері 5 есе көп.

Ұшақтардың қызмет ету мерзімі шамамен жеті жылды құрайды, бұл FlyArystan-ды Қазақстандағы ең жас әуе кемелеріне ие әуе тасымалдаушы етеді. Борттар шоқжұлдыздар мен жұлдыздардың құрметіне олардың атауларын алады: Leo, Aquila, Orion, Apus, Delphinus, Hercules, Pyxis, Sagitta, Draco, Vega, Rigel. Дәстүр бойынша әуекомпаниясы жаңа борт атауын таңдау мүмкіндігін өз жолаушыларына ұсынады.

2024 жылғы маусымнан бастап «FlyArystan» АҚ президентінің міндеттерін Ричард Леджер атқарады. Ол «Air Astana» АҚ қызметкерлері қатарына 2006 жылы қосылып, бұған дейін Батыс Еуропа және Америка өңірлерінде «Air Astana» АҚ өңірлік менеджері қызметін атқарған.

Маңызды оқиғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2022 жылы Алматы халықаралық әуежайында алғаш рет жолаушыларға толық қызмет көрсететін iJan терминалдары орнатылды. Оның көмегімен жолаушылар рейстерге өздері тіркелуге, жолжүкті тіркеуге және кезектердің жиналуын болдырмай, уақытты үнемдей отырып, қосымша қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта мұндай өзі-өзіне қызмет көрсету терминалдары әуетасымалдаушы ұшатын Қазақстанның 14 қаласында орнатылған.
  • 2022 жылы FlyArystan Skytrax толық авиациялық аудитінен өтті және қазіргі уақытта ең жоғары 4 жұлдызды аудит балын алды (қосымша мәлімет ретінде, әлемде 5 жұлдызды рейтингі бар бірде-бір лоукостер жоқ).
  • 2023 жылдың 20 маусымында Парижде жыл сайын өтетін Paris Air Show көрмесінде World Airline Awards 24-ші марапаттау рәсімі өтті. Қазақстандық FlyArystan Әуекомпаниясы оған алғаш рет қатысып, «Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукостері» марапатына ие болды.
  • 2023 жылы әуекомпания Алматының халықаралық әуежайында жолжүкті өз бетінше тапсырудың жылдам әрі ыңғайлы процесін қамтамасыз ететін baggage drop off (BagJan) жаңа технологиясын ұсынды.

Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2023 жылы әуетасымалдаушы Абай облысындағы жойқын өрттің салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына қолдау көрсетіп, табиғи зілзаланы жоюға, сондай-ақ гуманитарлық жүкті тасымалдауға қатысқан қаза тапқандардың туыстары мен өрт сөндірушілерге тегін ұшуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, өткен жылдың жаз айларында әуекомпания осы апаттан кейін Абай облысындағы орманды қалпына келтіруге өз үлесін қосты.  Әуекомпания «Семей Орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында өсімдіктерді өсіру үшін 570 қаптама немесе 280 кг шымтезек субстратын сатып алып, жеткізіп берді. Шымтезек субстратының бұл қоры 2024 жылы жалпы ауданы 315,5 гектар болатын көктемгі отырғызуға арналған жабық тамыр жүйелі 1 325 000 көшет үшін пайдаланылды.

2023 жылы FlyArystan «Көмек» корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік жобасын ресми түрде іске қосты, оның мақсаты коммерциялық рейстерге жеңілдіктер беру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау болып табылады.

2024 жылы әуекомпания мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалтумен айналысатын «Территория успеха» қоғамдық бірлестігіне арнайы жабдық - әйтрекер сатып алуда қолдау көрсетті. Бұл инновациялық құрылғы сыртқы әлеммен тиімді қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінде шешуші рөл атқарады.

2024 жылы FlyArystan Air Astana әуекомпаниясымен бірлесіп Батыс Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға гуманитарлық жүкті тасымалдауда көмек көрсетті. Сондай-ақ жергілікті жерде зардап шеккендерге  көмектесу аттанған еріктілерді екі бағытта да тегін тасымалдады.

Әуетасымалдаушы қайырымдылық жобаларына қатысуды және қазақстандықтарға түрлі мәселелер бойынша қолдау көрсетуді жалғастыруда. Asar-Ume, «Человек в маске», Sebebker Bol, Astana Physics Battle, Turkistan Marathon және Abyroi Run қорларымен серіктестік жобаларын жүргізді. Сондай-ақ, Flyarystan Қазақстанда спортты дамытуды белсенді қолдайды және «Сарыарқа» хоккей клубының ресми әуетасымалдаушысы болып табылады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. FlyArystan Online Booking  (ағыл.).
  2. Kazakhstan - trips  (ағыл.).