«Balapan» — қазақстанның бірінші балалар арнасы. 2010 жылдың 27 қыркүйегінен бастап эфирге шыға бастады. Шығармашылық бірлестік «Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамына кіреді. Арна кабельдік желіден эфирге шығады. Аудиториясы 0-8 жас аралығындағы балалар. Эфир уақыты 07:00 – 00:00 аралығын қамтиды. «Balapan» телеарнасы тек қазақ тілінде хабар таратады.[1]