Әулиеата Уездік Ұлттық Кеңесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ӘУЛИЕАТА УЕЗДІК ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІ – 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін ояздағы қазақ халқының мүддесін қорғап, саяси белсенділігін арттыру мақсатында құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Ұйымның төрағасы Ә.Кенесарин болды.

Ұйым мүшелері 1916 жылы көтеріліс салдарынан Қытай ауып кеткен босқындардың өз атамекеніне оралуына көмек ұйымдастырып, ұлтаралық қатынастарды реттеуде елеулі еңбек етті. Ел тағдырын шешу міндеті жүктелген Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына жергілікті халықты әзірлеуде белсенділік танытты. Ұйым мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары нәтижесінде Әулиеата оязынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына, Ә. Кенесарин, Б.Тастанбеков, Ғ.Шолпанқұлов, Қ.Әділбеков, Р.Әбдірайымов ұсынылатын болып белгіленді.

1917 жылы желтоқсанда Әулиеата оязының Ұлттық Кеңесінін ұйымдастырумен Әулиеата оязы қазақтарының съезі болып өтті. Онда ұйым мүшелері азық-түліктің ояздағы халықтар арасында дұрыс бөлінуін көтеріп, қазақтар үшін өз алдына бөлек азық-түлік к-тін құру керектігін алға тартты. Сөйтіп, Түркістан өлкесін жайлаған аштықтан ояз қазақтарын құтқару жолында еңбектенді. Түркістан (Қоқан) автономиясына қолдаушылық білдірді. Оязда кеңестік биліктің орнығуына наразылық танытты. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Әулиеата Ұлттық Кеңесі таратылды.