Әуе электр желісі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
«Итат — Екібастұз — Көкшетау — Челябі» әуе электр желісі. Жобалық кернеуі 1150 кВ.

Әуе электр желілері (ӘЭЖ) — ашық ауада орналасқан, оқшаулағыштар мен арматуралар арқылы тіректерге бекітілген электр энергиясын беру және таратуға арналған құрылғы.[1] Әуе электр желілері өте арзан, пайдалануға және жөңдеуге оңай, сондықтан кең таралған.

Ток түрі бойынша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазіргі уақытта электр энергиясын көбінесе айнымалы ток әуе электр желілері арқылы береді. Бұның себебі электр энергия көздері (генератор) айнымалы ток шығаруында, ал электр энергиясын тұтынушылар айнымалы ток машиналары болуында.

Атқаратын қызметі бойынша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
750 кВ-тық әуе электр желісі. Суреттен тәж разрядын анық көруге болады.
  • 500 кВ және одан жоғары — алыс қашықтағы ӘЭЖ (Жеке электр жүйелерін қосуға арналған).
  • 220, 330, 500 кВ — магистралды ӘЭЖ (Қуатты электр станцияларынан шығатын энергияны беруге арналған).
  • 35, 110 кВ — таратушы ӘЭЖ (Елді мекендер мен кәсіпорындарды электр энергиясымен жабдықтауға арналған).
  • 20 кВ және одан төмен — электр энергиясын тұтынушыларға жеткізетін ӘЭЖ

Кернеу бойынша

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 1000 В-қа дейінге әуе электр желілері (төмен вольттық әуе желілері)
  2. 1000 В-тан жоғары әуе электр желілері
    • 1-35 кВ ӘЭЖ (орта класты әуе желілері)
    • 110-220 кВ ӘЭЖ (жоғары класты әуе желілері)
    • 330-750 кВ ӘЭЖ (аса жоғары класты әуе желілері)
    • 750 кВ-тен жоғары ӘЭЖ (ультражоғары класты әуе желілері)

Әуе электр желілерінің негізгі элементтері бұл — тіректер, сымдар, желілік арматура, оқшаулағыштар.

Тірек. Астыңғы бөлігі темір бетон, үстіңгі бөлігі ағаш

Тіректер — электр сымдарын белгілі биіктікте іліп тұратын әуе электр желілерінің бір бөлігі. Жүктелуіне қарай тіректер анкерлік және аралық болып бөлінеді. Жасалатын материалына қарай ағаш тіректер, металл тіректер, темірбетон тіректер болып бөлінеді. Кейде материалдар құрамдастырылады, мысалы негіз бетоннан болса, жоғарғы жағын ағаштан жасауға болады. Тіректерді тікелей жерге салуға болады, бірақ көбінесе іргетасына салып қояды.

Сымдар арқылы электр энергиясы арақашықтыққа беріледі.

Оқшаулағыштар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оқшаулағыш әуе электр желісінде электр өткізгіш бөлік (электр сымдары) пен электр өткізбейтін бөлікті (тірек) бөлетін құрылғы

Желілік арматура

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Желілік арматура ӘЭЖ элементтерінің бекіту, біріктіру және қорғау қызметтерін атқарады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. ҚР Әділет Министрлігі Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы. Тексерілді, 12 қараша 2023.