Әскери қызметтегі ұшақтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
МиГ - 25 орыс ұшағы

Әскери қызметтегі ұшақтарҰлттық Қарулы Күштерінің құрамына кіретін әуе көлігі.

Алғашқы әскери ұшақтардың қолдану аясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскерилер ұшақты ә дегеннен қару деп білді. 1908 жылы АҚШ армиясының офицерлері әлемдегі ауадан ауыр бірінші ұшу аппараты – ағайынды Райттардың ұшағымен ұшты. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Батыс майданда Германия мен Франция авиацияларының арасында нағыз әуе шайқастары жүріп жатты. 1911 жылы Италия Ливияда түріктермен айқасқа ұшақтарды пайдаланды. Ауыр бомбалаушы ұшақтардың Отаны Ресей болды. Төрт моторлы “Илья Муромец” ұшағын И.И. Сикорский жобалады. Бірінші дүниежүзілік соғысқа “Муромецтердің” тұтас эскадроны қатысты.

1920–шы жылдарға таман әскери ұшақтардың арнайы түрлері анықталды: барлаушылар, жойғыш ұшақтар (истребитель), бомбалаушылар, тасымалдаушы ұшақтары, шабуылдаушылар.Авиацияға сенімнің күшті болғаны сондай, итальяндық генерал Дуэ соғыста ауыр бомбалаушы ұшақтардың көмегімен ғана жеңіп шығуға болады деген тұтас бір теорияны жасады. “Дуэ доктринасы” деген атпен белгілі теория өте даулы болды. Германияны 1945 жылы тізе бүктірген америкалық “ұшатын қамалдардың” бомбалауы емес, кеңестік Т-34 танкісі және ППШ автоматын асынған кеңес солдаты болған. Әйтсе де, бомбалаушы ұшақтар бір соғысты бірде – бір оқсыз, дәлірек айтқанда бірде – бір бомба тастамай – ақ жеңіп шыққан. 1930 – шы жылдары Жапония кеңестік Қиыр Шығыстың бір бөлігін басып алмақ болды. Примаорьеге ТБ – 3 бомбалаушы ұшақтарымен қаруланған әуе бригадасы апарылды. ТБ – 3 – терге тең келетін ұшақтар ол кезде әлемде жоқ еді.

"Илья Муромец" төрт моторлы ұшағы

А.Н. Туполев құрастырған ұшақтардың әрет ету радиусы Токионы бомбалауға мүмкіндік береді, ал жапон жойғыш ұшақтары бұл кезде пулеметтерін кезеніп алған “қамалды” атып құлатуға шамасы келген жоқ.

Реактивті жойқын ұшақтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Реактивті ұшақтың бет – бейнесін өзгеретіп жіберді. Ұшақтар стратосферада көз ілеспес жылдамдықпен ұша бастады. XX ғасырдың ең ғажайып ұшағы деуге лайық – кеңестік МиГ – 25РБ. МиГ- 25 таңбасы әртүрлі екі ұшаққа тән: тосқауылшы МиГ – 25П және барлаушы – бомбалаушы МиГ – 25РБ. Бұдан биігірек әрі жылдамырақ ұшақтар болды. Бірақ стратосферадан дыбыстың үш есе жылдамдығымен бомбалап соққы бере алатын ұшақ әлемде болған жоқ.

Жылдамдықтың ресми рекордының иесі америкалық барлаушы ұшақ SR – 71, бірақ Гиннестің рекордтар кітабына ең ұшқыр ұшақ ретінде кеңестік МиГ -25 ұшағы енгізілген. Рекордтық жылдамдықты Израйльдің әуе қорғаныс күштері тіркепе алыпты. МиГ –тің ұшқышы бұл рекорды туралы айтқысы келмеген. МиГ -25 – тік жылдамдығына шектеу қойылған еді, себебі қатты қызудан кабина шамының металы еріп, планердың металымен жабысып қалатын. Ал жаттығу үшін ұшқан кезде ұшқыштарымыз кейде дыбыс жылдамдығынан 3 есе арттырып жіберетін. Қонғаннан кеейін кабинаны сүйменмен бұзып ашуға тура келеді, ал ұшқышқа қатаң сөгіс беріледі.

"SR - 71" америкалық барлаушы ұшағы

Қызықты деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Әскери әуе күштерінде “әуе кемесі” деп ұшу массасы 40 тоннадан асатындарын атайды. Тосқауылшы МиГ – 31 (45 Т!) ресми түрде әуе кемесі болып саналады. МиГ – 31 төрттігі жойқын ұшақтар авиациясында әдеттегідей бөлімше емес, жасақ делінеді.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. http://olymp.aviaschool.net/iavp-xml/creator/debug/units/unit64.html Мұрағатталған 8 қарашаның 2013 жылы.
  2. Техника,"Балалар энциклопедиясы Росмэн",Мәскеу 2012,ISBN 978-5-353-06042-0,УДК 087.5,ББК 92