Әскери стратегия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әскери стратегия (Военная стратегия) — ел мен Қарулы Күштерді соғысқа дайындау теориясы мен тәжірибесін, стратегиялық операцияларды және тұтастай соғысты жоспарлау мен жүргізуді қамтитын әскери өнердің құрама бөлігі, оның ең жоғарғы саласы. Әскери стратегия теориясы соғыстың зандылығы мен сипатын, әны жүргізу тәсілдерін зерттейді, стратегиялық операцияларды және тұтастай соғысты жоспарлаудың, дайындаудың және жүргізудің теориялық негіздерін жасайды. Әскери стратегия Қарулы Күштердің стратегиялық міндеттерін және оларды атқару үшін кажет күштер мен құралдарды анықтаумен, Қарулы Күштерді, Әскери іс-қимыл театрын, экономиканы және халықты соғысқа дайындау бойынша шараларды жасау және жүзеге асырумен, стратегиялық операцияларды жоспарлаумен, Қарулы Күштердің жазылуын ұйымдастырумен және соғыс барысында оларды басқарумен, сондай-ақ ықтималды қарсыластың соғыс және стратегиялық операцияларды жүргізу бойынша мүмкіндіктерін зерттеумен айналысады. Әскери стратегия саясатпен байланысты және оның мүддесінде қызмет етеді. Соғыс уақытында саясат пен әскери стратегияның әзара байланыстылығы әскери-саяси басшылықтың бірыңғай органдарын құруда көрінеді. Әскери стратегияның сипаты мен мәніне мемлекеттің экономикасы және әлеуметтік-саяси құрылысы айқын әсер етеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл