Әли әл-Мүктәфи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Әли әл-Мүктәфи
араб.: علي المكتفي‎
Әли әл-Мүктәфи
905 жылы әл-Мүктәфи атымен шығарылған динар
Лауазымы
Ту
Ту
Ислам халифатының 36-шы халифасы
5 сәуір 902 — 13 тамыз 908
(Лақап аты Әл-Мүктәфи Билләһ)
Ізашары Ахмед әл-Мұғтадид
Ізбасары Жағфар әл-Мұқтадир
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 878 (0878)
Бағдат, Ислам халифаты
Қайтыс болуы 14 тамыз 908 (0908-08-14)
Бағдат, Ислам халифаты
Династия Аббас әулеті
Әкесі Талха әл-Муаффақ
Анасы Шешек
Балалары Жағфар әл-Мұқтадир
Мұхаммед әл-Қаһир
Әбдуллаһ әл-Мүстәкфи

Әли әл-Мүктәфи (араб.: علي المكتفي‎‎; наурыз 878, Бағдат — 14 тамыз 908, Бағдат) — Ислам халифатының 36-шы халифасы, мүміндердің әмірі.

Әл-Мүктәфидің дәуірінде аймақтардағы топтардың өз араларындағы талас-тартыстары мен қақтығыстары жалғасын тапты. Осындай бейберекет уақытта карматилер күшін арттырып, Шам, Ирак, Бахрейн мен Мекке жолындағы қарақшылық әрекеттерін үдете түсті. Шамдықтар ақыр соңында халифаға келіп, одан жәрдем сұрады. Әл-Мүктәфи Раққаға барып, сол жерге әскердің жиналуына бұйрық беріп, Мұхаммед ибн Сүлейменді қолбасшы етіп тағайындады. Карматилер мен халифа әскерінің арасындағы қанқұйлы шайқастың нәтижесінде карматилердің әскері ойсырай жеңілді. Бірақ бұл жеңіліс оларды толықтай жойып жібермей, әл-Мұқтадирдің халифалығына дейін өмір сүрді.

Шығыста Исмаил ибн Ахмед әс-Самани ақылды және сындарлы саясатының арқасында күшейе түсті. Әл-Мүктәфидің оған да, оның басшылық саясатына да көңілі толатын. 907 жылы Исмаил дүние салғаннан кейін оның орнына ұлы Ахмед отырды.

Әл-Мүктәфидің дәуірінде мұсылман әлемінің батысында екі мемлекет ыдырады. Олар Аббасилер тарапынан құлатылған Мысырдағы Тулунұлдары мемлекеті мен фатими Әбу Әбдуллаһ тарапынан құлатылған Солтүстік Африкадағы Ағлабилер мемлекеті болды. Әл-Мүктәфидің дәуірінің алғашқы кездерінде Византия императорымен жақсы қарым-қатынас құрылып, екіжақты сыйлық алмасу орын алды. 902-907 жылдардың арасында бір-бірімен тұтқын алмасты. Ал 903 жылы Ислам әскері Антакияны қолдарына қаратты.

Әл-Мүктәфи 295 жылдың басында дертке шалдықты. Дерті уақыт өте меңдей түскенде бауыры Жағфар әл-Мұқтадирді тақ мұрагері етіп тағайындады. Ал алты айдан кейін 14 тамыз 908 жылы дүние салды[1].

Дереккөздері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам тарихы. Алматы: Ернар Есімқұлов, 2018 ISBN 978-601-7929-37-4