Ұшу алыстығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ұшу алыстығы (орыс. Дальность полета) — ұшу аппараты ұшудың басталуы мен соңына дейін өте алатын қашықтық; ұшу-тактикалық сипаттамалардың бірі.

Авиациялық ұшу аппаратының ұшу қашықтығы оның конструкциялық ерекшеліктері мен аэродинамикалық сапасына, отынның массасы мен жұмсалу үлесіне, салыстырмалы ұшу режіміне, метеорологиялық жағдайға және басқа факторларға байланысты. Ұшу қашықтығын ұлғайту үшін қосымша бактар қолданылып, әуеде жанармай құю жүргізіледі. Баллистикалық ракеталардың ұшу қашықтығы негізінен екпіндік жылдамдығымен анықталады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл