Үлкен Алматы көлі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі, маусым
Үлкен Алматы көлі, маусым
Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі2511 м
Өлшемі1,6 × 0,75-тен 1 км
Көлемі0,014 км³
Жағалау сызығының ұзындығы3 км
Тереңдігі38 м
Орташа тереңдігі25 м
Су алабы
Құятын өзенҮлкен Алматы
Шығатын өзенҮлкен Алматы
Орналасуы
43°03′02″ с. е. 76°59′06″ ш. б. / 43.0506° с. е. 76.985° ш. б. / 43.0506; 76.985 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°03′02″ с. е. 76°59′06″ ш. б. / 43.0506° с. е. 76.985° ш. б. / 43.0506; 76.985 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАлматы
Үлкен Алматы көлі (Қазақстан)
Үлкен Алматы көлі
Үлкен Алматы көлі Ортаққорда
Үлкен Алматы көлі көктемде

Үлкен Алматы көліІле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. Үлкен Алматы көлі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 28,5 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2497 |м биіктікте Үлкен Алматы өзенінің аңғарында орналасқан. Мұздық суымен нәрленетін көл 500 м ендікте 1 шықырым ұзындыққа созылады. Ең жоғары температурасы 12,8°С-қа жетеді. Көл кең алқаптың соңына орналасқан және алқаптың ежелгі мұздығының шеткі үйінділерінен құралған. Ауа райының салқын болуына орай, бұл жерде тау беткейлеріндегі адамдар мен жануарларды мазалайтын шыбын да, маса да жоқ.

Климаты қоңыржай континентік, жазы салқын болады, көп жаңбыр жауады. Ал, қыста суық болады және көл мұздайды. Орташа жауын-шашын 1500 мм. Орташа су температурасы + 4,7°. Бұл жерде арша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай өседі. Rөлдің арғы бетінен қаланың кез келген нүктесінен көрінетін негізгі үш шың — Көлді (4110 м), Кеңес (4317 м), Үлкен Алматы (3681 м) мен мұндалайды.

Көл аумақтарына рұқсат етiлмейдi

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Үлкен Алматы көлі қыста
Үлкен Алматы көлі (маусым, 2015)
Пошта маркасы 2005
  • табиғи нысандарды, тарих, мәдениеттiң ескерткiштерiн жою, бұзу;
  • суаттар және топырақтарды ластау;
  • тұрмыстық қалдықтармен аумақты ластау;
  • өз бетiмен аң, балық аулау, ұяларды, құмырсқа илеулерiн ойсырату;
  • ағаштарды өз бетiмен заңсыз кесу және сындыру;
  • от жағу;
  • әдемi гүлдеген және дәрiлiк өсiмдiктердi жинау;
  • саңырауқұлақ, жидек, жемiстердi рұқсатсыз жинау;
  • өз бетiмен мал бағу және пiшен шабу;
  • үй жануарларымен жүру (иттер, мысықтар);
  • туристтiк тұрақтардың құрылымы орындардан тыс әдейi апарылған
  • тастағы жазуларды, қанды ағаштарға ұру
  • рұқсатсыз ғылыми, iзденiс жұмыстарын жүргізу;
  • орынға баратын арнайы жолдарды машиналардың өз бетінше айналып өтіп, баруы.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]