Құрақтұмсықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құрақтұмсықтар
Stercorarius parasiticus
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Aves
Сабы: Татреңтәрізділер
Тұқымдасы: Құрақтұмсық тұқымдасы
Түрлері

мәтінді қара

Құрақтұмсық тұқымдасы (лат. Stercorariidae) — 5 түрді біріктіретін 2 туысы бар татреңдестер отрядына жататын құстар тұқымдасы. Ірі денелі (0,4-2 кг, қанатының алымы – 1,5 м шамасында), негізінде қошқыл реңді құстар. Қысқарақ қуатты тұмсығының ұшында ілмегі бар. Аяғы қысқа. Құйрығы дөңгелектене біткен, құйрық орталығындағы қауырсындары көбінесе ұзындау болып, құйрық қиындысынан шығыңқы тұрады. Екі жарты шардың жоғары ендіктерінде орын тепкен, дегенмен жылыстау кезінде тіпті экватор ауданына ұшып өтеді. Теңіз жағалауын бойлай ұялайды. Ұя жасамайды, 2 жұмыртқаны өсімдіктер аралығындағы жерге тікелей салады. Ата-енесі 4 аптаға жуық басады, бұдан соң балапандары қанаттанып ұшқанда 2 айға жуық қоректендіреді. Өзге құстардың олжасын олжалауға бейімділігі өте дамыған. Қазақстанда құрақтұмсықтардың бір туысынан екі түрі байқалған.

Қазақстан құстар әлемі