Қысқатолқынды пеш
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![A.](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/51/Microwave.750pix.jpg/200px-Microwave.750pix.jpg)
Қысқатолқынды пеш - тұрмыста тамақты тез дайындауға, қыздыруға және мұздаған тағамды жібітуге пайдаланады. Оның басқа аппараттардан айырмашылығы мұндағы жылу көзіне магнетрон тудыратын аса жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындардың энергиясы пайдаланылады. Қысқа - толқынды пештің қыздыру принципі тамақтың дәмділігін жоғалтпай, витаминдерді сақтауға, күйдірмеуге, тым қыздырып жібермеуге негізделген. Пеште тамақ дайындауға уақыт газ плитасына қарағанда 4—8 есе аз кетеді. Пайдалану кезінде пештің жан-жағы қызып кетпейді, тамақ күймейді, ас үйдің ауасы әрдайым таза болып тұрады. Бұл пештерде тамақ дайындау үшін шыны, фарфор, фаянс, пластмасса, т.б. пайдалануға болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |