Қынагүл тұқымдасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Balsaminaceae
Himalayan Balsam
Himalayan Balsam
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
(unranked) Asterids
Сабы: Ericales
Тұқымдасы: Balsaminaceae
A.Rich.
Genera

Hydrocera
Impatiens

Қынагүл тұқымдасы (Balsamіnaceae) — бір немесе көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей Алатауларында,Кетпен тауындағы қылқан жапырақты, аралас ормандардағы бұта арасында, ылғалды жерлерде өсетін 1 туысы — шыңқетер не шытырлақ (Іmpatіens) бар. Оның 4 түрі, ең көп тараған түрі — кәдімгі шыңкетер (Іmpatіens nolіtangere). Биіктігі 30 — 120 см-дей, сабағы тік, тармақты. Жапырақтарының жиегі ара тісті тілімденген, жалпақтығы 1,5 — 2 см-дей, сабақта қарама-қарсы не топтасып орналасады. Аталығы — 5, жатыны ұзынша келген 5 ұялы, аналығы — біреу. 3 — 5 ірі гүлдері сары түсті, жеке-жеке жетіледі. Шілде — тамыз айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі — қорапша тәрізді. Ол піскен кезде қақырап ашылып, ішіндегі тұқымы (2 м-ге дейін) жан-жаққа шашылады. Шыңқетер — дәрілік өсімдік, одан бояу алынады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Энциклопедиясы