Қызылқұм (құм, Маңғыстау облысы)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Қызылқұм құмы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Теңiз деңгейiнен биіктігі | 20 м |
Ұзындығы | 48 км |
Ені | 10 км |
Ауданы | 290 км² |
Орналасуы | |
44°47′27″ с. е. 51°59′28″ ш. б. / 44.79083° с. е. 51.99111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°47′27″ с. е. 51°59′28″ ш. б. / 44.79083° с. е. 51.99111° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | ![]() |
Аймақ | Маңғыстау облысы |
Орналасуы | Бозащы түбегінің батысы |
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
Қызылқұм – Бозащы түбегінің батысындағы құмды алқап.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.
Жер бедері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ендік бағытта созылып жатқан құмның аумағы 290 км2. Ұзындығы 48 км, енді жері 10 км. Теңіз деңгейінен 2-20 м биіктікте. Екі құм массивінен тұрады. Құмды төбелердің салыстырмалы биіктігі 6-7 м. Жер бедері қырқалы құмды төбелерден тұрады және төрттік кезеңінің аллювийлі жазығы саналады.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сортаңды-құмдақты топырағында жусан, бұйырғын, тасбұйырғын, т.б. сораң шөптесіндер өседі.Солтүстігінде Шөлшағыл құмымен шектеседі. Құм жиектерінде Қияқты, Тұщықұдық, Шебір ауылдары, Қожамқұл, Ақот құдықтары және бірнеше қыстау орналасқан. Құмды алқап мал жайылымына пайдаланылады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5