Қостанай оязы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қостанай оязы, Николаев оязы – патшалық Ресей тұсында Торғай облысына қараған ояз. 1868 жылы құрылған. Тобыл өзенінің жоғарғы ағысы және оның Обаған атты тармағының оң жақ алқабын алып жатты. Халқының саны – 160 мың адамға жетті (1897), оның 130 мыңдайы қазақтар болды. 1899 жылдан кейін жергілікті халықтан 500 мың десятина қара топырақты құнарлы жер алынып, онда Ресейдің орталық аудандарынан қоныс аударылған орыс шаруалары орнықты. Оязда мал басы 870 мыңға жетті. Мұнда жәрмеңке саудасы кең өріс алды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ энциклопедиясы", VI-том