Қолданбалы лингвистика

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қолданбалы лингвистика – тілге қатысты нақты өмірлік мәселелерді анықтайтын, зерттейтін және шешімдерін ұсынатын пәнаралық сала. Қолданбалы лингвистика білім беру, психология, коммуникацияларды зерттеу, ақпараттану, табиғи тілді өңдеу, антропология және әлеуметтану т.б. академиялық салалармен тығыз байланысты. Қолданбалы лингвистика – тілдің практикалық қолданылуы.

Қолданбалы лингвистика – пәнаралық сала. Қолданбалы тіл білімінің негізгі салаларына қостілділік және көптілділік, әңгімені талдау, тілді бағалау, сауаттылық, дискурсты талдау, тіл педагогикасы, екінші тілді меңгеру, тілді жоспарлау және саясат, тіларалық лингвистика, стилистика, тіл мұғалімінің білімін жетілдіру, сот лингвистикасы, аударма ісі, табиғи тілді өңдеу т.б. салалар жатады.

Қолданбалы лингвистика

  1. спецификалық казіргі практикалық міндеттерді зерттеу негізінде машиналық аударма, ақпаратты автоматты түрде іздеу және т.б. жалпы тіл білімінің тармағы;
  2. микролингвистикага кірмейтін тіл білімнің бөлімдері.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3