Қойытылған сүт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қойытылған сүтқайнату арқылы құрамындағы судың біраз бөлігінен арылған сүттен, кант және әр түрлі витаминдер қосып дайындалған, сапасы өте жоғары тағам. Құрамында 43—44% қант, 8,5% май, 26,5% су болуы шарт. Судың мөлшері көп болса, сүт бұзылып кетеді. Технология бойынша сүтті залалды микробтардан арылту үшін арнаулы аппаратта пастерлейді (60—70°С-қа дейін қыздыру), содан кейін сүзіледі де вакуум-аппаратта қайнатылады. Қойытылған сүтке керекті компоненттерді қосып, әбден араластырып тоңазытылады. Содан соң сапасы тексеріліп, өлшеніп арнайы қүтыларға құйылады.[1]

Қойытылған сүт шығаратын алғашқы зауыт 1858 жылы АҚШ-та ашылды. Оның иесі Гейл Борден көпке сақталатын сүт өнімін өзі патенттеген технологиямен жасап шығарған.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. Иосиф Богуславский В мире торговых знаков Мұрағатталған 20 тамыздың 2016 жылы. // Зеркало недели № 21 (34), 1995.