Қатысушы:Erzhanatslam/зертхана

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хуанбай Әскерхан

Хуанбай Әскерхан (Әскерхан Ақтай) - (1974 жылы 22 қарашада Моңғолияның Баян - Өлгий аймағы Қызылқайың өлкесінде туған) - ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Қызылқайың өлкесінің Құрметті азаматы.

1983-1993 жылдары М. Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебін бітірген. Қазақстан және Моңғолияның жоғарғы оқу орындарында білім алған. Орта мектепте оқып жүргенде әдебиетке құштар болды. Оның туындылары «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Айтұмар», «Ақжүніс», «Дарабоз», «Иман», «Отыкен» журналдарында жарияланған.  Сонымен қатар республикалық «БАҚ кз», «Абай кз», «Ұлт порталы», «Қамшы», «Күлтөбе» және басқада сайттарда жарық көріп, оқырмандардан лайықты бағасын алды.

Шығармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • «Зүбаржаттың жарқылы» (2016),
  • «Сүмбіле» (2017),
  • «Жүрегіңді аяла» (2023);
  • «Отың өшпейді», «Әке», «Жылқышы бидің аманаты», «Жатбауыр», «Көшім хан-Сүзге сұлу» т.б. драмалардың авторы:

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 2012 жылы «Ер жеңісі - Ел жеңісі» республикалық жыр сайысының бас жүлдегері;
  • 2013 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл толуына арналған жыр сайысының жеңімпазы;
  • 2014 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қостанай облыстық «Марал Ишан» мешіті өткізген республикалық «Дінім-діңгегім» жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;
  • 2015 жылы Ер Жәнібектің туғанына 300 жыл толуына арналған халықаралық «Ел қорғаны - Ер Жәнібек» жыр бәйгесінің үшінші жүлде жеңімпазы;
  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қамшы» қоры ұйымдастырған республикалық шығармашылық бәйгесінің «Үздік поэзия» номинациясының  2-орын иегері;
  • 2015 жылы «Дарабоз» байқауының арнайы сыйлығынның иегері;
  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық «Ұлытау  ұлағаты - ұлт мұраты» бас жыр мүшәйрасының бас жүлдегері;
  • 2015 жылы Қызылқайың өлкесінің мәртебелі азаматы;
  • 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медальмен марапатталған;
  • 2016 жылы Зуқа батырдың туғанына 150 жылдығына арналған республикалық мүшәйра жүлдесіннің иегері;
  • 2016 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен өкілдігі жариялаған «Бағытым  - Ислам, Бақытым - Тәуелсіздік» жыр бәйгесінің бас жүлдесін жеңіп алған;
  • 2021 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі;
  • 2021 жылы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.