Қарғалы аралы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Қарғалы аралы - Есіл өзенінің алғашқы жайлымасындағы террасада жатқан көне сай.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 20 км жерде орналасқан. Аумағы 247,6 га, оның 153,2 га-сын орман алып жатыр.
Өсімдігі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Орманда қарағай, қайың, бұталы өсімдіктер тұқымдасынан дала шиесі, мойыл, долана өседі. Реликт өсімдіктерден дөңгелек жапырақты нәк, саран лаласы, мысықтабан, т.б. кездеседі.
Қолданысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Есілдің көрікті қарағайлы-қайыңды орман өңірі жыл бойы дем алуға қолайлы. Қарғалы аралында оқушылар лагері мен демалыс орны бар.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5