Қарақалпақстан елтаңбасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қарақалпақстан Мемлекеттік елтаңбасы
қарақ. Қарақалпақстан Республикасының мәмлекетлик герби
өзб. Qoraqalpogʻiston Respublikasining davlat gerbi

Негізгі ақпараттар
Иелік етуші

 Қарақалпақстан

Бекітілді

9 сәуір 1993 жыл

Қалқанұстаушылар

Хума құсы

Ұран

ҚАРАҚАЛПАҚСТАН

Елтаңба авторы

Жоллыбай Изентаев

Қарақалпақстан елтаңбасы (қарақ. Qaraqalpaqstan gerbi, өзб. Qoraqalpog‘iston gerbi) — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиясының мемлекеттік рәмізі.[1] 1993 жылы 9 сәуір күні мемлекеттік елтаңба жайлы заңмен бірге бекітілді. Елтаңба дизайны Өзбекстан елтаңбасы негізінде жасалған.

Өзбекстан және Қарақалпақстан елтаңбаларының ұқсастығы екі республиканың бірлігін білдіреді. Елтаңба дизайнының фонында көтерілген қызыл-сары күн, таулар, Әмудария және Арал теңізі бейнеленген. Елтаңбаның үстіңгі жағында ортасында жарты ай мен жұлдыз салынған көк Рубғ (۞) символы орналастырылған. Елтаңба орталығында мифологиялық Хума құсы бейнеленген. Оның қанаттары жоғары көтеріліп, елтаңбаның төбесіне дейін созылады, қанаттарының сыртында оң жақта бидай және сол жақта мақта баулары салынған. Баулар Өзбекстан және Қарақалпақстан туларының жеңілдетілген нұсқаларымен оралған. Елтаңбаның астында "ҚАРАҚАЛПАҚСТАН" жазуы бар мемлекеттік ту түстерімен боялған таспа орналастырылған.

Тарихи елтаңбалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Гербы Каракалпакстана (орысша) Қарақалпақстан елтаңбалары. heraldicum.ru. 14.11.2021