Қаражар (Қарағанды облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Қаражар
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Ауылдық округ орталығы

Облысы

Қарағанды

Ауданы

Бұқар жырау

Ауылдық округі

Қаражар

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°51′58″ с. е. 72°34′41″ ш. б. / 49.86611° с. е. 72.57806° ш. б. / 49.86611; 72.57806 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°51′58″ с. е. 72°34′41″ ш. б. / 49.86611° с. е. 72.57806° ш. б. / 49.86611; 72.57806 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1956

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

834 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

09

Қаражар картада
Қаражар
Қаражар
Қаражар картада
Қаражар
Қаражар
 Басқа мағыналар үшін Қаражар деген бетті қараңыз.

ҚаражарҚарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Қаражар ауылдық округінің орталығы. 1997 жылға дейін Тельман ауданының құрамында болған.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдың солтүстік-батысында Нұра өзені ағады. Қызылқайың, Жаңаөзен ауылдық округтерімен, сонымен катар Саран қаласымен шекаралас. Саран қаласынан кашықтығы - 30 км, Шахтинск қаласынан 30 км, Қарағанды қаласынан - 33 км. Аудан орталығы – Ботақара кентінің оңтүстік-батысында 83 км-дей жерде орналасқан. Новодолинский—Шақан—Доскей асфальтталған автомобиль жолдарымен қатынасады.

Бұрынғы Қаражар кеңшары 1956 жылы Қарлаг учаскелері негізінде құрылды (Қарлаг). 1997 жылы кеңшар жабылды. Шаруашылығы кекөніс, сүт өндіру саласына бағытталған. Жерінің жалпы ауданы 39,6 мың га (2006). Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін шаруашылығы және мал шаруашылығы, диірмен, наубайхана, ірімшік кайнату цехы, дүкендер бар (2006).

Инфрақұрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Округ елді мекендерінде (Қаражар, Асын, Волковский, Геологический ауылдары) 2 орта мектеп, ОДА, кітапхана, пошта, АТС бар.

Саны (1999, 2009, 2021)[1][2]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
1094 1067 834 78,2 531 411 77,4 536 423 78,9

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]