Қайырлы үміт мүйісі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Африканың оңтүстік шетінде мұхит толқындары шулап келіп соғылып жатқан биік тік жартас- Қайырлы Үміт мүйісі орын тепкен. Бұл Африканың ең оңтүстік нүктесі емес (ең оңтүстік мүйісі - Инелі), бірақ дәл осы Қайырлы Үміт мүйісіне жеткенде жағалау алған рет Атлант мұхитынан Үнді мұхитына қарай жол аша отырып , күншығысқа қарай бұрылады. Бұл мүйісті ең алғаш рет 1488 ж. португал теіңзшісі Б. Диаш ашып, Дауыо мүйісі атаған. Бірақ, Үндістанға теіңз жолын ашуға тырысып, Африка маңына экспедиция жіберген португал королі ІІ жуан бұл жерді Қайырлы үмір мүйісі деп атауды бұйырды. Көп ұзамай, португалдықтардың үміті ақталып, 1497 ж. Васко да Гама Қайырлы Үміт мүйісін айналып өтіп, Үнді мұхитына шығып, оны жүзіп өтіп 1498 ж. Үндістанға жүзіп келді. Қайырлы үміт мүйісінен Солтүстік жартышардан көрінбейтін Оңтүстік жартышар аспанының шоқ жұлдызын өте жақсы бақылауға болады екен. ХІХ ғ. мұнда бейтаныс жұлдыздарды зерттеуе еуропалық астрономдар арнайы келеген екен.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 "Мәскеу Росмэн" "Әлем ғажайыптары" ISBN 978-5-353-06044-4 УДК 087,5 ББК 92