2020/21 жылғы Еурокубоктер жылдағыдан өзгеше болды. Әлемді жайлаған Коронавирус-2019 індетінің кесірінен футбол турнирлері 2020 жылы наурыз айында жаппай тоқтатылды да, жазда ғана жалғасын тауып, сол себепті де 2020/21 жылғы еуромаусымдар барынша сығымдалып, еурокубоктердің іріктеу кезеңдері бір матчтан ғана ойналды.
Бұл маусымда Қазақстан клубтары өте сәтсіз ойнады. Еуропа лигасының үшінші раундынан соң барлығы да жарыстан шығып қалды. Бұл сонау 2012 жылдан бергі аралықтағы ең төмен көрсеткіш.