Қазақстан жоғарғы оқу орындарының тізімі
2023-2024 жылғы оқу жылының басындағы мәлімет бойынша республика аумағында 112 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 67-сі (59,8%-ы) жеке меншікте болса, 44-і (39,3%-ы) мемлекет және 1-еуі (0,9%-ы) шетел меншігінде.[1] Алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны 1928 жылы Алматы қаласында «Қазақ мемлекеттік университеті» деген атаумен құрылған. 1930 жылы ол Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына айналды (қазір Абай атындағы ҚазҰПУ). 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті қайта құрылды (қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).
Ұлттық жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Қала | Ашылған жыл | Басшысы | Сипаттамасы |
---|---|---|---|---|
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті | Алматы | 1934 | Ректор: филология ғылымдарының докторы, профессор Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы |
|
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті | Алматы | 1934 | Ректор: экономика ғылымдарының докторы, доцент Бегентаев Мейрам Мұхаметрақымұлы |
Қазақ политехникалық институтының (ҚазПТИ) ізбасары. Университет базалық білім беру институты, Қашықтықтан білім беру институты, әскери техниканың төрт мамандығы бойынша запастағы офицерлер дайындайтын Әскери іс-қимыл институтын және мамандандыруға бөлінген жеті техникалық институтты құрайды. |
Қазақ ұлттық аграрлық университеті | Алматы | 1929 (АЗМИ) 1930(ҚазАШИ) |
Бұрынғы Қазақ ауыл шаруашылық институтының (ҚазШИ) және бұрынғы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (АЗМИ) бірігуі нәтижесінде қалыптасты. Ауыл шаруашылық мамандарын дайындайды:
| |
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті | Алматы | 1931 | Ректор: медицина ғылымдарының кандидаты Шоранов Марат Едігеұлы |
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті | Алматы | 1928 | Ректор: саяси ғылымдар кандидаты Тілеп Болат Анапияұлы |
Қазақ педагогикалық институтының (ҚазПИ) ізбасары. 12 мамандық бойынша мектепке дейінгі, орта және жоғары білімді оқытушыларды дайындайды. |
Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы | Алматы | 1978 | Ректор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүдебаев Арман Әділханұлы |
Алматы театр және өнер институтының ізбасары. Бастапқыда институт екі факультеттен тұрды: Өнер мен Театр. Қазіргі кезде академия бес факультет бойынша оқытады:
|
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы | Алматы | 1944 | Ректор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әшіров Нұркен Нұрғалиұлы |
|
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті | Алматы | 1944 | Ректор: философия докторы (PhD) Қанай Гүлмира Әмірханқызы |
|
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті | Астана | 1996 | Ректор: тарих ғылымдарының докторы Сыдықов Ерлан Бәтташұлы |
|
Қазақ ұлттық өнер университеті | Астана | 1998 | Ректор: Қазақстанның халық әртісі, профессор Мұсақожаева Айман Қожабекқызы |
|
Қазақ ұлттық хореография академиясы | Астана | 2015 | Ректор: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нүсіпжанова Бибігүл Нұрғалиқызы |
Хореография саласында көп деңгейлі кәсіптік білім берудің толық циклімен Орталық Азиядағы бірінші жоғары оқу орны. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың арнайы тапсырмаларына сәйкес құрылған. Келесі бағыттар бойынша мамандар дайындайды: Бес факультеттерде «балет әртісі», «Би ансамблінің әртісі», «Режиссура», «Хореография», «Өнертану» және «Өнер менеджменті» (орта кәсіптік білім беру факультеті, балетмейстерлік факультеті, педагогика факультеті, әлеуметтік ғылымдар және өнер факультеті, мектеп). |
Халықаралық жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Қала | Ашылған жыл | Басшысы | Сипаттамасы |
---|---|---|---|---|
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті | Түркістан | 1991 | Ректор: Темірбекова Жанар Амангелдіқызы |
|
Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті | Алматы | 2009 | Ректор: Хикметов Асқар Құсыпбекұлы |
|
Назарбаев Университеті | Астана | 2010 | Президент: Ахмад Вакар |
|
Халықаралық туризм және меймандостық университеті | Түркістан | 2019 | Ректор: Шоқпаров Әлібек Жұмабекұлы |
|
Қазақстан-Британ техникалық университеті | Алматы | 2001 | Ректор: Ғабдуллин Маратбек Төлебергенұлы |
Мемлекеттік жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Атауы | Қала | Ашылған жыл | Басшысы | Сипаттамасы |
---|---|---|---|---|
ҚР ҰҚК Академиясы | Алматы | 1974 | Бастық: генерал-лейтенант Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы |
КСРО-ның КГБ Жоғарғы курстарының Алматы филиалының ізбасары (КСРО МҚК-да ондай он оқу орны болған). Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті үшін жедел жұмыскерлерді шет тілін меңгерген заңгер мамандығы бойынша дайындайды. |
ҚР ҰҚК Шекара академиясы | Алматы | 1931 | Бастық: полковник Поливанов Павел Константинович |
Ф.Э. Дзержинский атындағы Алматы шекара әскери училищенің ізбасары. Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне бес мамандық бойынша офицерлер дайындайды:
|
ҚР Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы | Қосшы | 2015 | Ректор: әділет аға кеңесшісі Сексембаев Марат Исламханұлы |
Академия прокуратура, экономикалық зерттеу қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және ішкі істер органдарын магистратура мен докторантура мамандықтары бойынша дайындайды.: |
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы | Көкшетау | 1997 | Бастық: азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы |
Академия ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандарын 4 мамандық бойынша дайындайды:
|
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті | Астана | 1997 | Бастық: генерал-майор Мұстабеков Асқар Досбосынұлы |
|
ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты | Алматы | 2001 | Бастық: полковник Даутов Қайрат Сапарбекұлы |
1995 жылы Азаматтық авиация академиясының жанынан әскери факультет болып ашылып, 2001 жылы толыққанды әскери жоғарғы оқу орны ретінде құрылды. Институт – радиотехникалық мамандықтар негізінде офицер-инженерлерді даярлайтын Орталық Азиядағы бірінші және қазіргі кездегі жалғыз әскери жоғары оқу орны. |
ҚР Қорғаныс министрлігінің Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты | Ақтөбе | 1974 | Бастық: полковник Еспағанбетов Тимур Төлегенұлы |
|
ҚР Қорғаныс министрлігінің С.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты | Алматы | 1970 | Бастық: әскер генерал-майоры Сәбит Бейсенұлы Құдайбергенов |
Алматы жоғары қарулы күштері командалық училищесінің ізбасары. Жоғарғы әскери оқу орнының бағдарламасы бойынша он екі мамандық бойынша құрлық күштеріне арналған офицерлерді төрт жыл оқу мерзімімен дайындайды. |
ҚР Ұлттық Ұланының академиясы | Петропавл | 1997 | Бастық: генерал-майор Әбжанов Бауыржан Садықұлы |
1997 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесі Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен құрылды. 2009 жылы ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Әскери институты, 2014 жылы Ұлттық ұланның Әскери институты болып қайта аталды. 2022 жылы институт Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан академиясы болып қайта құрылды. |
ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы | Қостанай | 1971 | Бастық: полиция генерал-майоры Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлы |
Бұған дейін: Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебі, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қостанай заң институты, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы, Қазақстан Республикасы ІІМ ҚАЖК академиясы, Қостанай қаласының Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясы.
Академия Қазақстан Республикасы ІІМ үшін бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша кадрлар дайындайды. Бакалавриат мамандықтары: - - құқық қорғау (мамандандыру: әкімшілік және қылмыстық атқару); - педагогика мен психология; - әлеуметтік жұмыс; - юриспруденция. Магистратура мамандықтары: - құқық қорғау органдары (мамандандырылған бағыт); - құқық қорғау (ғылыми-педагогикалық бағыт). |
ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы | Алматы | 1956 | Алматы милиция мектебінің ізбасары. 90-шы жылдары ол жоғары оқу орнына айналды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тергеу және әкімшілік бөлімдеріне полиция қызметкерлерін бес мамандық бойынша дайындайды. | |
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы | Қарағанды | 1969 | Бастық: полиция генерал-майоры Әділов Санжар Аскенұлы |
КСРО ІІМ Қарағанды милиция мектебінің ізбасары. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің тергеу-әкімшілік бөлімшелеріне полиция қызметкерлерін үш мамандық бойынша дайындайды, сондай-ақ құқық қорғау мамандығы бойынша магистратура мен докторантура жүргізеді. |
ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты | Ақтөбе | 2010 | Бастық: полиция полковнигі Мұхаметқалиев Нұркен Жанболатұлы |
1996 жылы Ішкі істер органдарының басшылық құрамына мамандар дайындау үшін Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай жоғары мектебінің филиалы ретінде ашылып, 1998 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң колледжі болып қайта құрылды. 2010 жылы колледж Қазақстан Республикасы ІІМ Ақтөбе заң институты болып қайта құрылды. |
Жекеменшік жоғары оқу орындары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сүлеймен Демирел университеті (Қаскелең)
- «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті (Алматы)
- Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (Алматы)
- КИМЭП Университеті (Алматы)
- Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы)
- «Тұран» университеті (Алматы)
- Нархоз университеті (Алматы)
- Алматы технологиялық университеті (Алматы)
- Қазақстан-Неміс университеті (Алматы)
- К. Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті (Алматы)
- Қонаев Университеті (Алматы)
- De Montfort University Kazakhstan (Алматы)
- Еуразия технологиялық университеті (Алматы)
- Каспий қоғамдық университеті (Алматы)
- Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (Алматы)
- Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті (Алматы)
- Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті (Алматы)
- Қазақстан-Ресей медициналық университеті (Алматы)
- Алматы менеджмент университеті (Алматы)
- «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университеті (Алматы)
- Халықаралық білім беру корпорациясы (Алматы)
- М. С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті (Астана)
- Astana IT University (Астана)
- Астана халықаралық университеті (Астана)
- Esil University (Астана)
- Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті (Астана)
- «Тұран-Астана» Университеті (Астана)
- О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті (Жезқазған)
- А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау)
- Баишев Университеті (Ақтөбе)
- Қазақ-орыс халықаралық университеті (Ақтөбе)
- Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті (Қарағанды)
- М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (Қостанай)
- «Болашақ» Қызылорда университеті (Қызылорда)
- Қызылорда ашық университеті (Қызылорда)
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті (Орал)
- Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (Орал)
- Қазақстан-Америка еркін университеті (Өскемен)
- Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар)
- Әлихан Бөкейхан университеті (Семей)
- Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар Достығы университеті (Шымкент)
- Жұмабек Ахметұлы Тәшенев атындағы университет (Шымкент)
- «Мирас» Университеті (Шымкент)
- Орталық Азия Инновациялық Университеті (Шымкент)
- Шымкент университеті (Шымкент)
- Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы (Алматы)
- "Қазақ гуманитарлық-заң университетінің" Алматы заң академиясы (Алматы)
- Қазақ спорт және туризм академиясы (Алматы)
- «Қайнар» академиясы (Алматы)
- Логистика және көлік академиясы (Алматы)
- Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (Астана)
- «Болашақ» академиясы (Қарағанды)
- Орталық Қазақстан Академиясы (Қарағанды)
- Гуманитарлық-техникалық академия (Көкшетау)
- Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (Шымкент)
- Л. Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты (Алматы)
- А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты (Астана)
- Атырау инженерлік-гуманитарлық институты (Атырау)
- Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты (Екібастұз)
- Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты (Тараз)
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|