Қадағалау локусы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Қадағалау локусы – тұлғаның өз өміріндегі мәнді оқиғалардың себебін өз қылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктеріне балау дәрежесі.

Интервалдылық қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кеңестік психологтар тұлғаның әр-түрлі тіршілік саласындағы интерналдылық қасиетін анықтау мақсатымен, бастапқы Дж.Роттердің қадағалау локусы әдістемесін қайта құрастырған.

Субъективті қайталау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Авторлардың пікірінше, субъективтік қадағалау деңгейі – тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған, отбасы, өндірістік және т.б. салалардағы шиеленісті жағдаяттарды шешу тәсілдерін реттейтін, тұлғаның жалпыланған сипаттамасы. Бұл әдістеме тұлғаның өзін-өзі танытуынан болып жатқан оқиғаларға оның белсенді де саналы қатынасы арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Мұнда оқиғалардың негізгі себептері тұлғаның өз іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен қылықтарының нәтижелеріне баланады.

Интервалдылық тенденциясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мұнда оқиғалардың негізгі себептері тұлғаның өз іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен қылықтарының нәтижелеріне баланады. Осылайша, тұлғаның интерналдылық деп аталатын тенденциясы оның өзін-өзі танытуына қолайлы жағдайлар тудырып, оның жетілген. жауапкершілікті және дербес ұстанымын көрсетеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Психология: Энциклопедиялық сөздік./ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б.