Юстус фон Либих

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Юстус фон Либих
Туған күні

12 мамыр 1803 (1803-05-12)

Туған жері

Дармштадт

Қайтыс болған күні

18 сәуір 1873 (1873-04-18) (69 жас)

Қайтыс болған жері

Мюнхен

Азаматтығы

 Германия

Ғылыми аясы

Химия, агрохимия

Жұмыс орны

Мюнхен университеті.

Юстус фон Либих (нем. Justus von Liebig;1803 жыл 12 мамыр, Дармштадт - 1873 жыл 18 сәуір, Мюнхен) - неміс химигі, агрохимияның негізін салушылардың бірі.

1824 жылдан Гисен, 1852 жылдан Мюнхен университеттерінде профессор. Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1830). 1860 жылдан Бавария ғылым академиясының президенті. Гисен]де 1825 жылы күркіреуік қышқыл күміс құрамы жөнінде циан қышқылы күміске ұқсас екендігін тапты. Ол альдегидтерді, органикалық қышқылдарды зерттеп, алғаш хлороформды ашты (1831) және сірке альдегидін (1835) алды; сондай-ақ сүт, гиппур] т.б. карбон қышқылдарын ашты. Органикалық қосылыстардағы көміртек пен сутекті анықтау әдісін (1931-1833) жетілдірді. 1839 жылы физиологиялық процестердің химиясын зерттеп, ашу және шірудің химиялық теориясын ұсынды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том