Эдуард фон Гартман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Гартман Эдуард

Эдуард фон Гартман (23.2.1842, Берлин-5.6.1906, Грослихтерфельде)-немістің идеалист-философы. Ол иррационализм мен мистикалық идеалезм тұрғысынан панпсихизмді мойындап, дүниенің негізінде санасыз рухани бастама жатыр деп есептейді. Ал сана болса, дамудың қозғаушы күші болып табылатын дүние жүзіндегі еріктің құралы ғана дейді. Ол пессимистік, сары уайым этикасының негізін салды. Ол адамдардың ақылын баурап алған жер бетінде, о дүниеде бақытты болу және әлеуметтік процестің нәтижесінде бақытқа деген үш сағым қиялдан азат болу керек дейді. Әлеуметтік прогресс нәтижесінде бақытқа жетуге болатындығын мойындамаушылық ол философияның реакцияшыл сипатын айқын анық білдіреді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ энциклопедиясы