Шығыс Гат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шығыс Гат, Шығыс ГхатҮндістан түбегіндегі Декан таулы үстіртінің шығысындағы тау жотасы. Биіктігі 1680 м-ге дейін (Деводи-Мунда тауы). Шығыс Гат жотасы негізінен гнейс, кристалды тақтатас және кварциттен түзілген. Биіктігі орташа, төбелері жазық, шойтасты, жекеленген Налламалай, Великонда, Палконда, Шығыс таулар және Шеварой тау жоталарынан тұрады. Батыс беткейі көлбеу еңістенген, Бенгал шығанағына қараған шығыс беткейі тіктеу. Жапырағы түсетін муссонды ормандар таралған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]