Шонжы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ауыл
Шонжы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Алматы

Ауданы

Ұйғыр

Ауылдық округі

Шонжы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°32′22″ с. е. 79°27′42″ ш. б. / 43.53944° с. е. 79.46167° ш. б. / 43.53944; 79.46167 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°32′22″ с. е. 79°27′42″ ш. б. / 43.53944° с. е. 79.46167° ш. б. / 43.53944; 79.46167 (G) (O) (Я)

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

22 481[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

05

Шонжы картада
Шонжы
Шонжы
Шонжы картада
Шонжы
Шонжы

Шонжы (рус. Чунджа, уйг. Чонҗа‎) — Алматы облысы Ұйғыр ауданындағы ауыл, аудан және Шонжы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Облыс орталығы - Қонаев қаласынан шығысқа қарай 265 км-дей жерде, Қарадала алқабының солтүстік бөлігінде орналасқан.

Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
20095 18008 22068 122,5 8805 10965 124,5 9203 11103 120,6

1868 жылы Чунджи аумағына Түркістан өлкесін дамыту жөніндегі арнайы комиссия келген. Оның құрамында генерал-майор, этнограф, Жетісу облысының әкімдерінің бірі Фридерикс Н.Е. болған. Ол бұл жерде бау-бақша мен саз балшықтан салынған ғимараттарды көрген. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жерде XIX ғасырдың ортасында шағын ауыл болған, онда Қытай шекарасының пикеті де болған. Қытаймен шекарадағы тұрақсыз жағдайы мен көшпенділердің шапқыншылығы салдарынан тұрғындар бұл ауылдан шығып кеткен. Кейінірек бұл ауыл Құлжадан келе жатқан керуендерді бақылайтын бекеті ретінде уақытша орыс шекара жасағының қолында болған.[4]

1872 жылы Верный қаласынан әскери губернаторы Г.А. Колпаковскийдің бұйрығымен болашақ ауылдың маңайына Жетісу казактарының отбасылары жіберілді. Олардың міндеті Құлжа, Қашқар және Үш-Тұрфаннан Верный қаласына және кері қарай өтетін керуен жолдарын қорғау үшін елді мекен құру болды.[5] Казактар отбасыларымен картада көрсетілген Чунжа өзенінің маңындағына қонысқа келді. Айналадан олар бау-бақша мен бірнеше бос қалған құрылыстарды тапты.[6] Қоныс аударушылар бұл жерге бекініп, қоныстана бастау үшін көп күш жұмсады. Сол жылы әкімшіліктің шешімімен Чунджинский шағын елді мекені құрылып, кейін ол Чунджа (қаз. Шонжы) ауылы деп аталды.

Шонжыда 1932-1934 жылдары ұжымшар құрылды, 1957 жылы бұл шаруашылық ірілендірілді. 1996 жылы оның негізінде Шонжыда “Телремстрой”, “Жолаушы”, “КазРосБройлер”, “Әлнұр” ЖШС-тері және мемлекеттік “Шарын” құс фабрикасы, т.б. шаруа қожалықтары құрылды.

1869 жылы шыққан «Вестник Европы» ғылыми-саяси журналындағы «Туркестанъ и его реформы» атты мақалада былай делінген:[4]

Мѣстность Чунджи (или вѣрнѣе Джунджи, по имени китайскаго подданнаго, изъ племени таранчи, когда-то проживавшаго здѣсь) орошена изобильно арыками и, слѣдовательно, удобна для поддержанія на ней растительности.

«Шонжы» сөзі Чунджа елді мекені атауының қазақ тіліндегі транскрипциясы. Бұл есімнің қазақ тілінде дұрыс жазылуы «Қазақстан Республикасының топонимдері» анықтамалығында 2001 жылғы басылымның 407-бетінде берілген.[7]


Моңғол тілін зерртеуші Нәпіл Базылханнның жұмыстарына тоқталып, Әлімғазы Дәулетхан “Шонжы” атауына осындай сілтемелер қалдырды: "Шыңғыс қаған тақ мұрагерлері салғызып әскери, әрі сауда жолының амандығын бақылайтын (бекет, өртең - Ленгер-Шонжы аталған) тоғыз жолдың торабындағы бекіністің соңғы топонимикалық атауы "Шонжы" ретінде бізге жетіп отыр. "Қазіргі моңғол тілінде: Conji > Чонжы, Цонж түрінде кездеседі. Қазақ тілінде "Шонжы" тұлғасында топоним ретінде кездеседі. Моңғол тіліндегі "Чонжы-Цонж" сөзінің мағынасы: 1. Алысты қарауылдайтын биік жартас. 2. (Ауыспалы) Шекара аумақтарды қорғаушы қорған, бекініс". Осылайша, Чонжы, Цонж сөздері қазақшаланып қазіргі таңда “Шонжы” ретінде қолданылады.[8] Шығыс Түркістанда Үрімжі қаласына жақын жерде жергілікті Қазақтар тығыз орналасқан "Шонжы" деген аудан бар.

Жол қатынасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Шонжы арқылы халықаралық дәрежедегі АлматыЖаркентҚорғас автомобильдік жолы өтеді.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  3. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  4. a b Фридерикс Николай Евстафьевич. Туркестанъ и его реформы. Изъ записокъ очевидца. // Весник Европы — Санкт-Петербург, 1869. — 707 бет.
  5. Лухтанов Александр Григорьевич. Город Верный и Семиреченская область / А. Лухтанов. — Алматы: ТОО ЦДК "Глобус", 2009. — 207 бет ISBN 9965-9387-9-2.
  6. Леденев Николай. История Семиреченского казачьего войска. — Верный: типография Семиреченского областного правления, 1909. — 206, 207 беттері.
  7. Жанузаков Телгожа Сейдинулы. Қазақстан Республикасының топонимдері. — Алматы: КазгосИНТИ, 2001. — 407 бет Мұрағатталған 17 желтоқсанның 2023 жылы. ISBN 9965-466-35-1.
  8. stan.kz. "Жер-су, елді мекенге адам атын беру қазаққа жат": Тарихшы Шонжы атауының өзгертілуіне қарсы. 2020.
  9. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том