Шолпан Дүйсенова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Дүйсенова Шолпан (18.03.1927 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласы) — қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш баскетболшы.

1950 — 60 жылдары Қазақстан құрама командасында ойнап, команда капитаны болды. Дүйсенова Алматы дене тәрбиесі институтын бітіргеннен (1950) кейін Алматы дене тәрбиесі техникумында, №30 мектепте, “Динамо” командасында, кейnіннен Қарағандының политехнология, кооп. институттарында жаттықтырушылық әрі ұстаздық қызмет атқарды. Дүйсенова көптеген шәкірт баулап, оларды республика құрама командасына қосты. Алматы қаласы командасының құрамына Дүйсенова Қазақстанның (1947 — 1960), Қазақстан мен Орта Азия республикалары спартакиадасының (1954 — 1956) чемпионы атанды. 1954 — 55 жылдары Дүйсенова КСРО жастар құрама командасына қабылданды. КСРО Жоғары Кеңесінің “Құрмет” грамотасымен (1955), Бүкілодақтық спорт комитетінің дипломдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің грамоталарымен, дипломдарымен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцклопедиясы