Шағырлы-Шөмішті газ кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Шағырлы-Шөмішті газ кен орны
45°55′55″ с. е. 56°09′04″ ш. б. / 45.9320502° с. е. 56.151123° ш. б. / 45.9320502; 56.151123 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°55′55″ с. е. 56°09′04″ ш. б. / 45.9320502° с. е. 56.151123° ш. б. / 45.9320502; 56.151123 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақМаңғыстау облысы
Ашылған уақыты1966 жыл
Шағырлы-Шөмішті газ кен орны (Қазақстан)
Шағырлы-Шөмішті газ кен орны
Шағырлы-Шөмішті газ кен орны (Маңғыстау облысы)
Шағырлы-Шөмішті газ кен орны

Шағырлы-Шөмішті газ кен орныМаңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт-Бозащы шөгінді алабында орналасқан. 1966 жылы ашылған. Жалпы ауданы 470,35 км2.

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кен денесі ендік бағытта созылған Шағырлы, Солтүстік Шөмішті, Батыс Шөмішті, Шығыс Шөмішті көтерілімдерімен күрделіленген брахиантиклиналдық қатпардан орын алған. Шағырлы және Солтүстік Шөмішті көтерілімдерінің амплитудасы 30-20 м, қанаттарының еңістену бұрышы 1-80°, ал Батыс Шөмішті, Шығыс Шөмішті көтерілімдерінде тіктеу болып келеді. Өнімді қабат палеоген жүйесінің эоцен шөгінділерінде 360 м тереңдікте жатыр.

Жатыс сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қимасы алевролиттермен және тығыз сазбен кезектесе қабаттасып, әлсіз цементтелген құмтастар мен құмнан құралған. Қиманың жалпы қалыңдығы 28,8 м, оның газға қаныққаны — 7,4 м. Иірім қабат пішінді, ішінара қалқаланған дөңгелек.

Құрамы жағынан газы құрғақ, этаны аз, метан 86,9-96,4%, бұлардан басқа азот, көмірқышқыл газы, гелий бар. Хлоркальций типті қабат суларының тығыздығы 1,08 г/см3, минералдығы 87,9-147,2 г/л, микроқұраушылардан йод, бром, бор кездеседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1