Чартер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Чартер [1](ағыл. charter - кеме жалдау) - жазбаша нысанда жасалатын әуе, теңіз немесе өзен тасымалы шартына сәйкес тасымалдау үшін бүкіл кемені немесе белгілі бір кеме бөлмелерін беру шарттары, яғни көлік құралын немесе оның бір бөлігін белгілі бір мерзімге не бір сапарға жалдау туралы шарт. Онда тараптардың атауы, көлік құралы туралы, жүктің мөлшері туралы деректер, жүк тиелетін және түсірілетін жерлер көрсетіледі, сталийлік уақыт (кемеге жүк тиелуге және одан түсірілуге кететін мерзім), диспач (жүктің мерзімінен бұрын тиеліп, түсірілгені үшін төлем) пен демередж (кеменің сталийлік уақыттан тыс бос түрғаны үшін төлем) мөлшері туралы мәліметтер қамтылады.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  2. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2