Цитрус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Цитрус
Цитрус

Цитрус (ағылш. Cіtrus) — рута тұқымдасына жататын мәңгі жасыл ағаштар, кейде бұта; шырынды жемістер беретін мәңгі жасыл өсімдіктердің үлкен тобы.

60-тан астам түрі, түр тармағы бар. Апельсин, грейпфрут, мандарин, лимон көбірек тараған, ал басқалары цитрон, бигарадия, помпельмус, шеддок және т.б аз тараған. Цитрус дақылдарында витамин көп. Жемістерінен сусын, тосап, джем, компот, цукат жасалады, лимонад, ликерге қосылады. Жеміс қабығынан алынатын эфир майы әтірге, иіссулар қосылады.[1]

Цитрустың көптеген түрі ылғалы мол тропиктік және субтропиктік аймақтарда өседі. Негізгі шыққан жері — Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия. Жабайы түрінен сақталып қалған — нағыз лайм (C. aurantіfolіa), тек Гималайда өседі және танкан (С. tancan) тек Тайванның ормандарында кездеседі. 15-тен астам түрі мәдени өсіріледі. Соның ішінде көп өсірілетіндері — апельсин, лимон, мандарин, грейпфрут және бұл түрлер ертеден белгілі. Мыс., Қытайда апельсин б.з.д. 1 — 2 ғ-лардан белгілі. Цитрусдің биіктігі 4 — 12 кейде 20 м-дей болады. Барлық түрінің бұтақтары тікенді, жапырақтары қандауыр тәрізді, қалың. Гүлдері қосжынысты, жапырақ қолтығында дара не кішкене гүл шоғырына топталған, ақ түсті (тек лимон мен цитронда қызғылттау), хош иісті. Жәндіктермен тозаңданады, кейде өздігінен де тозаңдана алады. Жемісі — көп ұялы жидек. Тұқымы көп, әдетте 32, кейде одан көп болады. Цитрустің жемісінде витамин көп, бұлардың жемісінен сусын, варенье, джем, цукат жасалады, тәтті сусындарға (ликер, лимонад, т.б.) қосады. Жеміс қабығындағы, гүліндегі, жапырағындағы эфир майы парфюмерияда пайдаланылады.[2]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Citrus

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том