Циста

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Циста (грек. kystіs — көпіршік) — бір клеткалы қарапайымдардың қолайсыз жағдайларда пайда болатын тығыз қабықшасы.

Микроорганизмдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарапайымдарда (талшықтылар, тамыраяқтылар, споровиктер, инфузориялар) қорғаныш цистасы, көбею цистасы деген түрлері бар. Қорғаныш цистаның қабығы қалың, қоймалжың-кілегейлі не қатты, хитин тәрізді заттардан құралған, кейде минералданады. Цистаның бұл түрі қолайсыз жағдайларда (су тартылу, су қату) пайда болады. Паразит организмдерде иесі организмнен шығарда пайда болып, сыртқы ортада тіршілік қабілетін сақтап (кейде бірнеше жылға дейін, мыс., Colpoda туысы 16 айға дейін, Oіcomonas — 5,5 жылға, Perіdіnіum cіnotum түрі 16,5 жылға дейін) иесіне түседі. Көбею ццистаның қабығы жұқа, көбею кезінде ғана пайда болады.

Өсімдіктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өсімдіктерде (перидиней балдырлар, хризомонада, эвглена) цЦиста көбінесе қолайсыз жағдай туғанда түзіледі және кеуіп қалса да, қолайлы жағдай туғанда, қайта тіршілік ете бастайды. Әдетте бір цистадан бір дарабас дамиды, бірақ көбею ретінде бірнеше дарабас дамитын жағдай да кездеседі. Бактерияларда циста негізінен азотбактерлерде метилтрофты бактерияларда, спирехоттерде, т.б. кездеседі. Циста олардың радиацияға төзімділігін және кеуіп кетуден сақтайды. Сондай-ақ миксобактериялардың жемістік денесінің арнайы бөлігін (миксоспоралардың шоғырланып, жалпы қабықшаға жиналуын) көрсетуде Циста термині қолданылады.[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова. Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 18 том