Хосров ІІ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хосров ІІ (Хұсрау) Парвиз (сөзбе-сөз — жеңімпаз) (т. ж. б. — 628) — Ирандағы Сасани әулетінен шыққан патша (591 — 628). Византия императоры Маврикийдің көмегімен патша тағын иеленген. Маврикийдің кегін алу сылтауымен Византияға қарсы соғыс бастады (602 — 29). Алғашында парсылар жеңіске жетіп, Византияның бүкіл шығыс бөлігін және оңтүстіктегі Египетті басып алды. Бірақ Византия Иранға қарсы соғыста Батыс түрік қағандығымен одақтасты. Түріктердің қолдауымен Византия Кавказға кіріп, парсыларды басып алған жерлерінен кері шегінуге мәжбүр етті. Осыны пайдаланған қарсылас парсы ақсүйектері Хосров ҚҚ-ні биліктен тайдырып, өлтірді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том