Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Хорлан Қалиламбекова
Толық аты

Хорлан Ыхсанқызы Қалиламбекова

Туған күні

18 қараша 1945 (1945-11-18) (78 жас)

Туған жері

Қарағанды облысы, Балқаш

Мемлекет

 КСРО
 Қазақстан

Мамандығы

опералық әнші, профессор

Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені

Хорлан Ықсанқызы Қалиламбекова (18 қараша 1945 жыл, Қарағанды облысы Балқаш қаласы) – қазақстандық опера және камералық әншісі. Қазақстанның халық әртісі. Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры. Ыбырай Алтынсарин атындағы құрметті белгісінің иегері.

Жалпы мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды музыка училищесін (1967), Хорлан Қалиламбекова сахнада Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1972).[1] Еңбек жолын Қазақ академиялық опера және балет театрында әнші болып бастады. 1977- 1978 жылдары Софияның (Болгария) опера және балет театрында тәжірибе жинақтаудан өтті. Ол Қамар мен Қарагөз (Е.Рахмадиевтің "Қамар сұлуы" мен "Алпамысында"), Еңлік (Ғ.Жұбанованың "Еңлік - Кебегінде"), Ақтоқты (С.Мұқамеджановтың "Ақан сері - Ақтоқтысында"), Татьяна мен Иоланта (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегині" мен "Иолантасында"), Чио-Чио-Сан (Дж.Пуччинидің "Чио-Чио-Санында"), Травиата (Дж. Вердидің "Травиатасында"), т.б. арияларын орындады. 1975 - 1980 жылдары Польшада, Румынияда, Португалияда, Финляндияда, Үндістанда өнер көрсетті.

Қазіргі уақытта Қазақ ұлттық опера және балет театрында (Астана) әнші әрі Қазақ ұлттық музыка академиясында (Астана) дәріс береді.[2]

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8