Хиуа экспедициясы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хиуа экспедициясы — патшалық Ресейдің Хиуа хандығына қатысты Каспий теңізінің шығыс жағын зерттеу мақсатында 18 ғасырдың бас кезінде аттандырған экспедициясы. Хиуа экспедициясының түпкі мақсаты болашақта Хиуа хандығын жаулап алу арқылы Иран жеріне кірудің мүмкіндіктерін іздестіру еді. Экспедиция Петр І патшаның арнайы тапсырмасы бойынша жасақталып, 1714 жылы аттандырылды. А.Бекович-Черкасский басқарған Хиуа экспедициясы Каспий теңізінің шығыс жағын картаға түсіріп, ол жерді мекендейтін халықтар жөнінде мәліметтер жинастырды. Хиуа хандығы жеріне еніп, экспедиция мүшелері Әмударияның ескі арнасы — Үзбойдың ізін тауып, зерттеулер жүргізді. Жинастырылған мәліметтер ресми билік орындарына тапсырылды. Экспедиция 1717 жылы қайта жасақталып, екінші рет аттандырылды. Бұл жолы Хиуа экспедициясының мүшелері Хиуа ханының қарсылығына ұшырап, хиуалықтармен қарулы қақтығысқа түсті. Осы шайқаста Хиуа экспедициясының көптеген мүшелерімен бірге Бекович-Черкасский де қаза тапты. [1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том