Харонозавр
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/1/17/Olorotitan_28-12-2007_14-52-33.jpg/220px-Olorotitan_28-12-2007_14-52-33.jpg)
Харонозавр — Қытай жерінен табылған ламбеозавр тобына, гадрозавр тұқымдасына жататын динозавр. Оған грек-рим мифтеріндегі Харон атты кейіпкердің аты берілген. Аңызға сенсек, Харон қайтыс болған адамдардың жандарын Стикс өзені арқылы тозақа жеткізген. Харонозавр — ірі денелі динозавр. Оның жамбас сүйегінің ұзындығы — 135 см, тұмсығынан құйрығына дейінгі толық ұзындығы — 13 метр. Ол күшті төрт аяғымен жүгірген.
Қызықты дерек
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Динозаврлардың әртүрлі өлшемдегі сүйектері бір жерден қазып алынған.
- Харонозаврлар алғаш Бор дәуірі Маастрихта езеңіне жататын тас қалдықтарының арасынан табылған.
Мәліметтер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қорегі : жапырақтар, жемістер, өсімдіктер
- Салмағы : 6 тонна
- Тұқымдас : Гадрозаврид
- Отряд тармағы : Динозаурия [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы