Хань Юй

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Хань Юй (қыт. 韓愈, пиньинь Hán Yù, 768-824) – қытай философы, тарихшы, жазушы, ақын, каллиграф. Буддизм мен даосизмге қарсы шыққандығымен тарихқа енген. 768 жылы Хэян уезінде дүниеге келген. 3 жасқа толғанда ата-анасынан айырылып, үлкен ағасының тәрбиесінде өседі. 792 жылы император емтиханынан өткен. Хань Юйдің идеялары ХІ ғасырдағы Сун әулетінің император кеңесшісі болған Оуян Сюдің реформаторлық қызметіне ықпал жасап отырған. Оның туындылары: «Юаньдао», «Юаньсинь», «Юй Мэн шаншу шу», «Цзянь ин фогу бяо». Эссе, өмірді сипаттау, философиялық лирика сынды жанрларда жазған. 824 жылы қайтыс болған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]