Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2023-24

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Футзалдан Қазақстан Чемпионаты
2023-2024 маусым
Чемпионат сипаттамасы
Өткізу уақыты

23 қыркүйек 2023 - 25 наурыз 2024

Қатысушылар саны

11 команда

Өткізетін қалалар

10

Стадиондар

10

Жүлделі орындар
Чемпион

Семей (футзал клубы) (1 рет)

Екінші орын

Қайрат (футзал клубы)

Лигадағы жаңа клубтар
Жаңа клубтар

Семей

Турнир статистикасы

Футзалдан Қазақстан чемпионаты 2023-2024 — қазақстандық кәсіби футзал клубтары арасындағы ең жоғарғы лига. Чемпионат 2023 жылдың 23 қыркүйегінен бастап 2024 жылдың 25 наурыз аралығында өтеді. Чемпионатқа Қазақстанның 10 қаласынан 11 команда қатысты. Ақтөбе қаласынан Ақтөбе және Рахмет клубтары. Осы маусымнан бастап чемпионатқа семейлік Семей футзал клубы қосылды. Осы маусымда Қарағанды облысынан бір команда қатысады деп күтілді. Олардың арасында Тұлпар, Шахтер және Биосфера аттары аталды. Алайда чемпионат басталар алдында Қарағандыдан команда қосылмайтындығы белгілі болды.

Клуб атауы Қаласы Аренасы Бас бапкері Капитан
1 «Қайрат» Алматы Қайрат Арена Марлон Веласко
2 «Аят» Рудный Аят Арена Василий Смолин Азат Валиуллин
3 «Ақтөбе» Ақтөбе Жекпе-жек сарайы Виктор Тарчило
4 «Рахмет» Ақтөбе Нұр-Аман Серік Унбаев
5 «Атырау» Атырау СК ФОК Атырау Жақсылық Байсариев
6 «Бәйтерек» Орал Жастар спорт сарайы Алексей Попов
7 «Ордабасы»* Шымкент Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы стадион Виталий Александров
8 «Каспий» Ақтау Халық Арена
9 «Астана» Астана Сайран Арена
10 «Жетісу» Талдықорған Қаратал спорт кешені Нилсон Дос Сантос Мачадо
11 «Семей» Семей Абай Арена Дави Мендонса Шыңғыс Есенаманов
  • Ордабасы футзал клубы 2022 жылы құрылды. 2023-24 жылы Чемпитонатқа тұңғыш рет қатысты

Турнирлік кесте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
# Команда О Ұ Т Ж Г ГА Ұ
1 Кайрат 40 37 1 2 291:83 208 112
2 Семей 40 28 5 7 170:87 83 89
3 Аят 40 26 4 10 173:99 74 82
4 Актобе 40 24 8 8 150:89 61 80
5 Атырау 40 24 5 11 142:102 40 77
6 Жетысу 40 16 2 22 123:143 -20 50
7 Байтерек 40 14 5 21 106:127 -21 47
8 Астана 40 12 2 26 112:172 -60 38
9 Рахмет 40 10 4 26 115:164 -49 34
10 Ордабасы 40 6 1 33 84:238 -154 19
11 Каспий 40 2 5 33 63:225 -162 11

Үздік ойыншылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ойыншы Команда Г (П)
1 Алиссон Невес Де Лима Кайрат 53 (0)
2 Денер Родриго Да Сильва Кайрат 48 (0)
3 Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон Семей 45 (0)
4 Алекс Виана Да Силвейра Джуниор Кайрат 35 (0)
5 Жеже Аят 32 (1)
6 Леандриньо Аят 31 (0)
7 Эдсон Кайрат 29 (0)
8 Азат Валиуллин Аят 28 (0)
9 Арнольд Кнауб Кайрат 27 (0)
10 Это'O Актобе 27 (0)

Плейофф ойындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
4 мамыр 2024
18:00
Жетісу 2:3 Аят
Ерсултан Сагындыков 5', 32 Голдар Леандриньо 2', Лукао 6', Абдирасул Абдуманапулы 26'
"Жастар" спорт сарайы, Талдықорған
Көрермендер саны: 800
4 мамыр 2024
19:00
Атырау 5:2 Ақтөбе
Эдимар Дос Сантос Мартини 4', Талап Есениязов 7', Алиссон Тайлан Сантос 17', Андре Энрике Жюстино - Део 23', 30' Голдар Владимир Жигалко 2', Жоао Лукас Де Алмейда Андраде 38'.
"ФОК Атырау, Атырау
Көрермендер саны: 825
Төреші: Нурлыбек Калимаганбетов, Ербол Жиембетов, Дмитрий Калмыков, Ильяс Хусаинов (хронометрист)
11 мамыр 2024
16:00
Ақтөбе 2:3 (ET) Атырау
Кайрат Иманалин 2', 36 Голдар Эдимар Дос Сантос Мартини 27', 47', Андре Энрике Жюстино - Део 33'
"СК Қоныс, Ақтөбе
Көрермендер саны: 1000
Төреші: Аслан Галаев, Айдын Кобейкулов, Еркебулан Жаксылыков, Ерлан Избасаров (Хронометрист)
11 мамыр 2024
17:00
Аят 6:1 Жетісу
Азат Валиулин 8', Сантана Корилано Леандерсон 14', 28', 38, Лукас Розенски 19', Жеже 19 Голдар Кайке Аледес Де Оливейра 33'
"Аят-Арена, Рудный
Көрермендер саны: 500
Төреші: Максим Карюкин, (2) Ильяс Кудайбергенов, (3) Андрей Грищенко, Виталий Шакиров (хронометрист)
18 мамыр 2024
15:00
Қайрат 4:1 Атырау
Эдсон 23', 37'; Рикардо Энрике Лемос Диниз Рикардиньо 24'; Арнольд Кнауб 31'. Голдар Део 9'.
"Нұр Аман СК, Алматы
Көрермендер саны: 784
Төреші: Аслан Галаев, Айдын Кобейкулов, Ильяс Кудайбергенов, Эйнадин Идрисов
18 мамыр 2024
17:00
Семей 5:5 п.4:5 Аят
Шыңғыс Есенаманов 10', Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 13', 32', 45'; Руслан Лазюк 18', Голдар Лукас Ян Лобато Монтейро - Лукао 32', Лукас Розенски 37', Джефферсон Хосе Дос Сантос - Жеже 39', 40';
"СК "Абай-Арена", Семей
Көрермендер саны: 784
Төреші: Турехан Турсумбаев, Азимжан Кошалиев, Максим Карюкин, Аян Айтказинов (хронометрист)
19 мамыр 2024
15:00
Қайрат 7:0 Атырау
Кайо Руиз Лаврати 6', Арнольд Кнауб 7', 33'; Невеш Де Лима - Алиссон 8', 36'; Гомес Дос Сантос - Эдсон 12'. Голдар
"Нұр Аман СК, Алматы
Көрермендер саны: 621
Төреші: Аслан Галаев, Айдын Кобейкулов, Ильяс Кудайбергенов, Эйнадин Идрисов
19 мамыр 2024
17:00
Семей 5:0 Аят
Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 13', Ринат Турегазин 18', Ришат Котляров 37', Чингиз Есенаманов 37', Бауржан Умирбаев 39'. Голдар
"СК "Абай-Арена", Семей
Көрермендер саны: 2500
Төреші: Турехан Турсумбаев, Азимжан Кошалиев, Максим Карюкин, Аян Айтказинов (хронометрист)
24 мамыр 2024
19:00
Атырау 3:7 Қайрат
Алиссон Тайлан Сантос 20', Габриэль Сильва Оливейра 39', Жомарт Тоқаев 39'. Голдар Біржан Оразов 6', Алиссон 9', Дуглас 11', 32'; Дамир Каирбай 17', Лейте 31', Денер 38'.
"СК ФОК Атырау, Атырау
Көрермендер саны: 250
Төреші: Аслан Галаев, Айдын Кобейкулов, Ильяс Кудайбергенов, Эйнадин Идрисов
24 мамыр 2024
17:00
Аят 7:3 Семей
Сантана Корилано Леандерсон 5', 14', 32', Азат Валиулин 21', Роша Батиста - Леандриньо 30, Антон Рындин 39', Лукас Розенски 40'. Голдар Чингиз Есенаманов 32', Кайо Холанда Барбоса Торрес 33, Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 39'.
"СК "Аят-Арена", Семей
Көрермендер саны: 2500
Төреші: Нурлыбек Калимаганбетов, Максим Карюкин, Аслан Галаев, Виталий Шакиров (хронометрист)
25 мамыр 2024
17:00
Аят 2:3 Семей
Сантана Корилано Леандерсон 8', Лукас Розенски 17'. Голдар Ержан Карменов 25', Кайо Холанда Барбоса Торрес 30', Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 34'.
"СК "Аят-Арена"", Рудный
Көрермендер саны: 600
Төреші: Нурлыбек Калимаганбетов, Максим Карюкин, Аслан Галаев, Виталий Шакиров (хронометрист)
31 мамыр 2024
19:30
Семей 4:0 Аят
Гильерме Тейшейра Де Лима Да Круз 5', Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 14', Ришат Котляров 29', Кайо Холанда Барбоса Торрес 38'. Голдар
"СК "Абай-Арена", Семей
Көрермендер саны: 3244
Төреші: Турехан Турсумбаев, Азимжан Кошалиев, Максим Карюкин, Аян Айтказинов (хронометрист)
8 маусым 2024
14:00
Қайрат 2:2 п.2:4 Семей
Невеш Де Лима - Алиссон 19', Родриго Да Сильва - Денер 40'. Голдар Ринат Турегазин 9', Бауржан Умирбаев 12'.
"СК "Нұр Аман", Алматы
Көрермендер саны: 900
Төреші: Аслан Галаев, Талгат Космухамбетов, Андрей Грищенко, Жандос Минажадинулы, Эйнадин Идрисов
9 маусым 2024
14:00
Қайрат 6:2 Семей
Дуглас 6', 18'; Виана 10', Эдсон 11', Алиссон 20', Денер 34'. Голдар Ринат Турегазин 19', Руслан Лазюк 39'.
"СК "Нұр Аман", Алматы
Көрермендер саны: 900
Төреші: Аслан Галаев, Талгат Космухамбетов, Андрей Грищенко, Жандос Минажадинулы, Эйнадин Идрисов
15 маусым 2024
15:00
Семей 3:2 Қайрат
Ринат Турегазин 3', Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 27', 45'. Голдар Дәурен Тұрсағұлов 21', Виана 27
"Абай Арена", Семей
Көрермендер саны: 4000
Төреші: Аслан Галаев, Нурлыбек Калимаганбетов, Андрей Грищенко, Аян Айтказинов
16 маусым 2024
15:00
Семей 4:4 п.4:3 Қайрат
Кайо Холанда Барбоса Торрес 7', 14', 47', Дедезиньо Патросиньо Алвеш Андерсон 13'. Голдар Рикардо Энрике Лемос Диниз Рикардиньо 11', Биржан Оразов 14', Дуглас 20', Алиссон 48'.
"Абай Арена", Семей
Көрермендер саны: 4000
Төреші: Аслан Галаев, Нурлыбек Калимаганбетов, Андрей Грищенко, Аян Айтказинов

Маусым жаңалықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Игита дауы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2024 жылғы 9 маусым күні Алматыда өткен «Қайрат» пен «Семей» арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық сериясының екінші матчы аяқталғаннан кейін «Қайрат» жанкүйерлері клубтың автобусына дейінгі жолды басқа командалардың шарфтары мен жалауларымен төсеп қойған болатын. Алғашында назар аудармаған Лео Игита сол атрибутикадан тапап өтіп, кейін жанкүйерлердің өтініші бойынша қарсыластардың шарфтарында билеген Лео Игитаның видеосы әлеуметтік желіде тарай бастады[1].

Игитаның бұл әрекеті жанкүйерлердің ызасын оятып, ұлттық құрамадан аластату және қазақстандық азаматтығын кері алу туралы пікірлері айтыла бастады. Наразылық пікір білдіргендер арасында басқа клубтардың ойыншалыра мен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары да бар. Лео Игита сол күні арнайы видео түсіріп, чемпионаттың басқа қатысушылары мен спорт қауымдастығынан кешірім сұрады, өзінің іс-әрекетінің салдарын видеоны көргенге дейін түсінбегенін айтты. «Қайрат» футзал клубы да «Ақтөбе» мен «Астана» футбол клубтарынан да ресми түрде кешірім сұрады:

"Қайырлы кеш баршаңызға! Егер "Ақтөбе" және "Астана" жанкүйерлерінің көңілін қалдырсам, кешірім сұраймын. Шынымды айтсам, олар не туралы сұрап жатқанын толық түсінбедім. Бұл қате көптеген жанкүйерлерді және мені де ренжітті, осыған қатты өкініп тұрмын. "Ақтөбе" және "Астана", сіздердің шарфтарыңызда суретке түскенім үшін кешіріңіздер. Бұл менің шынайы ниетім болған жоқ. Барлығы өте тез болды, тек видеоны көргеннен кейін ғана бұл "Ақтөбе" және "Астана" шарфтары екенін түсіндім. Екі қалада да маған әрқашан жақсы қарады, және менде оларға қарсы жаман ниет болмады. Мен Қазақстан футзалын жақсы көремін және біздің елімізде осы спорт түрінің дамып жатқанына мақтанамын. Әсіресе, "Ақтөбе" бұл дамуда маңызды рөл атқарады, және мен актөбеліктерге футзалға деген қызығушылықтары мен құмарлықтары үшін ризамын. Кешірім сұраймын, баршаңызға үлкен құрметпен қараймын!"

Қайрат футзал клубының бас директоры Әсем Кужанова болған оқиғаға өкініш білдіріп, Игитаның кешірім сұрағанын айтты. Сонымен қатар, бұл әрекет Қайрат футзал клубының жакүйерлері жасамағынан, «Қайрат» футбол клубының ультрас фанаттарының ісі екенін атап өтті[2].

Қазақстан футзал қауымдастығы (АФҚ) мен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ресми мәлімдемелер жасап, Игитаның әрекетін айыптап, мұндай оқиғаларға жол берілмейтінін айтты. Тәртіптік тексеру нәтижесінде АФҚ «Қайратқа» 500 АЕК (шамамен 1 миллион 846 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынды, ал АФҚ «Қайрат» бас директорына тәртіптік ескерту жасалды.[3]

«Қайрат» футзал клубына инцидентті бастаған адамдарды анықтап, олармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндеттелді, болашақта осындай жағдайларға жол бермеу міндеттелді. Барлық жағдайларға қарамастан, Лео Игита команда құрамында қала береді, ал клуб пен федерация ойыншылар мен жанкүйерлер арасында жоғары этика мен кәсіпқойлық деңгейін сақтауға жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) баспасөз қызметі де Лео Игитаға қатысты жағдай туралы ресми мәлімдеме жариялады: "Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың капитаны және АФК «Қайрат» ойыншысы Лео Игита және алматылық клубтың басқа ойыншылары қатысқан оқиғаға қатысты жағдайды ұйымның тиісті заңды органы қарайтынын мәлімдейді. Федерация мұндай әрекеттерді қабылдауға болмайды деп есептейді және ойыншылар арасында жоғары деңгейдегі этика мен кәсіпқойлықты сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсайды, сондай-ақ жанкүйерлер арасында осындай жағдайларды болдырмауға тырысады. Барлық жағдайлар зерттеліп, тиісті шаралар қабылданатын болады"[4].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]