Фитоценотиптер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Фитоценотиптер (фито… және грек. грек. koіnos — жалпы, грек. tynos — тип) — биоценозда тұрақты орын алуға биологиялық мүмкіншіліктері бірдей түрлер жиынтығы.


Фитоценотиптердің бірнеше жіктелімі бар.

Мыс., В.Н. Сукачевтің (1928) жіктелімі бойынша фитоценотиптерді:

  • эдификаторлар (қауымдастықты құрушылар
  • фитоортаға негізгі әсер етушілер)
  • ассектаторлар (фитоортаға әсері шамалы қауымдастықты құруға қатысушылар);

Л.Г. Раменскийдің (1938) жіктелімі бойынша:

  • виоленттер (әсері күшті өсімдіктер)
  • патиенттер (қолайсыз орта жағдайына төзімді өсімдіктер)
  • эксплеренттер (фитоценоздағы ауытқуларды тез сезетін өсімдіктер) деп бөлінеді.

Ал Б.А. Быков (1966) тек өсімдіктердің ғана емес, жануарлар мен микроорганизмдердің биоценоздағы тұрақты орын алуға биол. мүмкіншіліктері бар түрлер жиынтығының жіктелімін жасады. Мұны ценотип деп атайды. Оның жіктелімінің 5 типі бар:

  • кондоминаттар
  • доминанттар
  • субдоминанттар
  • экзодоминанттар
  • ингредиенттер.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том