Филедендрон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Филедендрон

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Magnoliophyta
Табы: Magnoliopsida
Тегі: Филедендрон

Филедендрон (РHILODENDRON ФИЛЕДЕНДРОН) – ароидтар туысына жататын, 350 табиғи түрі бар, тропикалық өсімдік. Әдемі жапырақты, шырмалып өсетіндіктен оны түбектерге егіп, сабағына тіреу қойып өсіреді. Үй жағдайында филедендронның жасыл, сары және сары ала жапырақты үш түрі жиі кездеседі. Өсімі тез, жүрек тәрізді жапырақтары әдемі болғандықтан оны өсірушілер қатары көп. Күтімі жақсы болса сабағының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді.

Филедендронның ала жапырақтылары жарықты қажет етеді, жарық жетіспесе ала түстері жоғалады. Жасыл жапырақтылары көлеңкеге шыдамды.

Бөлме температурасы қыста 15-200С төмен болмауы керек.

Суғарылуы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Топырағының ылғалды болғаны дұрыс. Көп суғарғаннан төменгі жапырақтары сарғайып кетеді.

Ылғалдылығы:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күніне бір рет жапырақтарына су бүркіп тұрады. Ылғалдылық жетіспесе, жапырақтарының көлемі кішірейіп кетеді.

Қоректендірілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Айына бір рет әдемі жапырақты өсімдікке арналған тыңайтқышпен қоректендірген дұрыс. Көктем кезінде топырағының беткі қабатын алып тастап, жаңа құнарлы топырақты шіріген көңмен араластырып салады.

Көбейтілуі:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сабағын қиып, қалемшелеу арқылы көбейтеді. Көбейтілуі өте оңай. Ол сабақтарындағы ауа тамырлары арқылы топырақта тез тамырланып кетеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727