Фатима Ғабитова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Фатима Ғабитова (1903 жыл, Қапал, Жетісу облысы, Ресей империясы - 1968 жыл, Алматы қаласы, Қазақстан) – әдебиеттанушы, мұғалім ұстаз. Қазақтың асыл ұлдары Біләл Сүлеев, Ілияс Жансүгіров және Мұхтар Әуезовтың жары болды.

Фатима Ғабитқызы 1903 жылы Жетісу облысы, Қапалдағы көпес отбасында дүниеге келген. Ұлты татар. Қыздарға арналған орта орыс мектебін, татар қыздар мектебін, медресе және Қазақ университетінің филология факультетін бітірген [1].

1918 жылы Фатима 17 жасында жас ағартушы Біләл Сүлеевке қосылады. Біләлдан үш бала (Жәнібек, Фарида, Азат) сүйеді. Біләл Сүлеев бұл кездері Жетісу өңірінде қазақ балалары үшін мектеп интернаттар ашуға атсалысып жүрген. 1928 жылы Ораз Жандосов екеуі алғашқы қазақ университетінің негізін қалады.

1929 жылы Біләл облыстық білім беру басқармасына басшы болып Ақтөбеге көшіп келеді. Фатима қазақ мектебіне жұмысқа тұрады. 1930 жылдың қаңтарында он жасар қызы Фарида қайтыс болады.

Сол жылы Біләлді мұғалімдер институтына ректор етіп Семейге көшіреді. Қараша айында ұлдары Азат дүниеге келеді. Қауіпсіздік орган қызметкерлері Біләл Сүлеевті тұтқындайды.

1932 жылы Фатима Біләлдің жақын досы ақын Ілияс Жансүгіровпен отбасын құрайды. Ілиястан Үміт, Ильфа, Болат деген үш перзент көреді. Ілияс Жансүгіров 1937 жылы тамызда тұтқындалып, 1938 жылы ақпанда атылады. Фатима өзіне төнген қауіпке қарамастан Ілиястың көптеген қолжазбаларын сақтап қалады. Фатима екінші рет "Халық жауының әйелі" ретінде Алматыдан Семейге жер аударылады[2]. Фатима Ілиястың көптеген шығармаларына редактор ретінде қызмет етті.

Біраз уақыттан кейін Алматыға оралады. Қолында 5 баласы бар жалғыз басты әйелгі Біләл мен Ілиястың досы Мұхтар Әуезов қолдау көрсетеді. Арадағы сыйластық пен достық нәтижесінде Мұхтар Фатиманы жар етіп алады. Басына қара бұлт үйірілген кезде Мұхтар әйелін Меркеге туысқандарына жібереді. Фатима Ғабитқызы Мұхтар Әуезовке Мұрат есімді ұл сыйлайды [3]. Сол жылы Фатима мен Біләлдің ұлы Жәнібек майданда қаза болады.

2010 жылы Халықаралық Мұхтар Әуезов қорының қолдауымен "Жібек жолы" баспасынан "Фатима" атты кітап жарық көрді. Кітаптың құрастырушысы Майра Жанұзақова. Кітап ұстаз педагог Фатима Ғабитқызының шығармашылығы мен өміріне арналған. Бірінші бөлігі Фатиманың өлеңдеріне, жақын тұлғаларымен алысқан хаттар мен телеграмалар келтіріледі. Екінші бөлік негізінен басқа адамдардың Фатима Ғабитқызы туралы естіліктерге арналады [4].

Фатима Ғабитованың өлеңдері: "Соқ, соқ дауыл, соқ дауыл", "Жиырма жыл күманда", "Акация гүліне", "Болат туралы", "Таудай талап желге ұшып", "Қан аралас көз жасым", "Тәтті өмір бір бір ұшты", "Барлық дос қайырылмай ұшты бүгін", "Дүниеде арманды кім, әйел сорлы", "Жалғыз жаным жаралы", "Үлкен уайым басады мені әрдайым", "Жаңа толған шағым әлі", "Ой сарғайтты жанымды", "Жүрегімді өртеді ой".[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. КОГДА ЕСТЬ ЧЕМ ПОДЕЛИТЬСЯ
  2. Фатима Мұрағатталған 4 наурыздың 2016 жылы.
  3. Қапалдағы Фатима Ғабитованың мұражайы жабылып қалды
  4. Фатима Габитова: Жизнь – легенда Мұрағатталған 30 маусымның 2012 жылы.
  5. Ілияс Жансүгіров: Энциклопедия. Алматы . «Кітап» баспасы 2019. 16-бет.