Фара

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Фара (фр. phare — шамшырақ, шамшырақ оты, гр. Pharos — Фарос, Александрия маңындағы аралдың аты) — жолды жарықтандыру мақсатында көлік машиналарының (автомобиль, электровоз, т.б.) алдыңғы кейде артқы жағына орнатылатын электрлік фонарь. Фараның негізгі бөлігі оптика элементтен және қораптан тұрады. Оптикалық элемент қос қылы бар екі түйіспелі шамнан (жақын және алыс аралықты жарықтандыратын), шашыратқыш шыныдан, шағылдырғыш рефлектордан құралады және ол жартылай не толық герметикалы болып жасалады. Жарық шоғының бағытын фараны қозғалту арқылы өзгертуге болады. Автомобильдің артқы жағына кейін қарай қозғалған кезде автоматты түрде жанатын фара орнатылады.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том