Украин Кеңестік Социалистік Республикасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Украин Кеңестік Социалистік Республикасы
орыс. Украинская Советская Социалистическая Республика
укр. Українска Радянська Соціалістична Республіка
Байрағы (1949-1992) Елтаңбасы (1950-1992)
Хронологиялық шеңбері
Ұраны:
Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!
Әнұраны Интернационал (Украин тілінде)

Украин КСР Мемлекеттік әнұраны
Елордасы Харьков (1919-1934)

Киев (1934-1991)

Құрылды 10 мамыр 1919
 КСРО құрамында:
  • 30 желтоқсан 1922
  • 26 желтоқсан 1991

  • бастап
  • дейін
Ауданы
  • Орны:
  • Жер аумағы:
  • Су аумағы:

  • КСРО бойынша 3-орын
  • 603,700
  • {{{water}}}
Ресми тілдері орыс тілі, украин тілі
Халқы
  • Халық саны:
  • Орны:
  • Тығыздығы:

  • 51,706,746 адам (1989)
  • КСРО бойынша 2-орын
  • {{{density}}}
Уақыт белдеуі +2
Медальдары Ленин ордені — 1954 Ленин ордені — 1954 Қазан төңкерісі ордені — 1967 Халықтар Достығы ордені  — 1972

Украин Кеңестік Социалистік Республикасы (укр. Українська Радянська Соціалістична Республіка), Украин КСР, УкрКСР немесе Кеңестік Украина1919 жылы пайда болған, 1922 жылдан 1991 жылға дейін КСРО құрамында болған кеңестік республика. КСРО құрылуына қатысқан 4 республикаларының бірі.

Украин-Кеңес соғысының барысында большевиктер жеңгенде, Украина Халық Республикасы жойылды да, РКФСР құрамында оның ізбасары Украина Халық Кеңестер Республикасы құрылды. Кейінірек оның орнына Украин КСР пайда болады да, 1922 жылы ол, Белорус КСР, Күнгей Кавказ СФКР мен РКФСР КСРО құру келісіміне қол қойды. 1991 жылы КСРО құлағанда, Украин КСР орнына қазіргі Украина құрылды.

Өзінің 72-жылдық тарихында Украин КСР шекарасы өзгере берген: қазіргі Батыс Украинаның көбісі негізінен 1939 жылы Польшадан алынған болатын, және 1945 жылы Карпаттық Рутения жері Чехословакиядан алынған болатын. 1919 жылы УкрКСР пайда болғаннан 1934 жылға дейін Харьков оның астанасы еді, бұдан кейін ол тарихи елордасы Киевке ауыстырылды.

Кеңес Одағының бірпартиялық болғандығынан, республиканы КОКП-ның бөлімшесі Украина Коммунистік партиясы басқарды.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1919 жылы оның бастапқыдағы аты Украин Социалистік Кеңестік Республикасы еді, бірақ 1936 жылы барлық одақтас республикалардың аты бір нысанмен өзгерту мақсатымен толық атындағы үшінші сөзі "Социалистік" және екінші сөзі "Кеңестік" (укр. Радяньска) ауыстырылу керек деп шешілді.

"Украина" атауының шығу тегі нақты емес. Көбінесе ол "шекара" дегенді білдіретін "окраина" славян атынан шықты деп саналады. Тұңғыш рет "Украина" сөзі 12 ғасырда Киев Русінің Рутения аумағын атау үшін қолданылатын еді.

Толық мақаласы: Украина тарихы

Құрылуы (1917–1922)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Патшаның тақтан құлауынан кейін украиндар өзінің мемлекетін құрғысы келді. 1917—1923 жылдар арасында бірнеше республика жарияланды, әрбіреуінің өзінің идеологиясы, қолдаушылары мен қарсыластары болған. Олардың ішінде екі басты республиканы байқауға болады: Киевті басқарған Украина Халық Республикасы мен Харьковты басқарған Украина Кеңестік Республикасы. УХР халықаралық деңгейде мойындалған, орталық күштерінен қолдау көрген деңгейге жеткен, және УКР-ды тек коммунисттер қолдады. Шынайы билігі бар Ақ қозғалысы ғана екеуін де қолдамаған еді.

Екеудің арасындағы конфликт Украин-Кеңес соғысы деп аталып кетті және ол Ресей Азаматтық соғысының бөлігі болып танылады. Нәтижесінде Украина Халық Республикасы аннексияға ұшырап, большевиктер билікті басып алды.

Украин Кеңестер Республикасының үкіметі 1917 жылдың 24–25 желтоқсанында ұйымдастырылды. Оны тек басқа мойындалмаған мемлекет, Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы мойындаған еді. Брест-Литовск келісімі жасалғанда мемлекет жойылды. Үкіметтің соңғы жиналысы Таганрог қаласында өткен.

1918 жылдың шілдесінде бұрыңғы үкіметтің басшылары Украина Коммунистік партиясын құрды. Большевик Ресейі Курск қаласында жаңа Украин Социалистік Кеңестік Республикасын ұйымдастырды.

1922 жылғы Украин КСР шекаралары

Кейінірек, 1922 жылының 21 желтоқсанында Украин КСР РКФСР, Белорус КСР мен Күнгей Кавказ СФКР-мен бірге КСРО мемлекетін құрды.

Соғыс-аралық заман (1922–1939)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1920 жж. Украин КСР-да "Украинизация" жүргізілді. Оның барысында украиндардың, украин тілінің социалдық және әлеуметтік деңгейінің көтерілуі жүргізілді.

1923 жылы, Сталинның ауыл шаруашылығы жайлы саясаты украин халқының заманауи тарихындағы ең үлкен катастрофа, Голодоморға әкеп соқты. Аштықтың кесірінен шамамен 2,6 миллион мен 10 миллион арасындағы украиндар көз жұмды.

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939–1945)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1939 жылының қыркүйек айында Кеңес Одағы украиндар, поляктар мен яһудилер тұрған Польшаны жаулады. 1940 жылы Кеңес Одағы румындар, украиндар, орыстар, яһудилер, ғағауыздар мен болгарлар мекендеген Бессарабия, Солтүстік Буковина, Хертса аумақтарын жаулады. Бұл жердің барлығы да Украин КСР құрамына енгізілді және Бессарабия маңында Молдова КСР құрылды. 1945 жылы олар толықтай аннексияланды, және Транскарпатия аумағы Чехословакиядан соғыстан кейінгі келісімшарт бойынша алынған болатын.

Соғыстан кейінгі жылдар (1945–1953)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Екінші дүниежүзілік соғыс 1945 жылы біткенімен, немістер Украин КСР жерінен 1944 жылы қуылған еді. Кеңес үкіметінің ең басты мақсаты — Украин КСР жерінен билікті оралту, өйткені олар оны соғыс барысында толықтай жоғалтып еді. Екінші дүниежүзілік соғысында Кеңес одағы 8,6 миллион әскери мен шамамен 18 миллион тұрғынын жоғалтқан, соның ішінде 6,8 миллионы украиндар еді. Киев қаласының 85%-ы және Харьковтың 70%-ы жойылды. Нәтижесінде 19 миллион адам үйсіз қалды.

Хрущёв пен Брежнев (1953–1985)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сталин 1953 жылы өлгенде, Никита Хрущёв, Георгий Маленков, Лаврентий Берия мен Вячеслав Молотов билікке келді және де-сталинизация заманы басталды. Бұл саясаттың әсері 1953 жылдың өзінде де сезілетін, өйткені сол жылы саясаткерлерге Сталинның руссификация саясатын сынауға рұқсат берілген еді.

Сол жылдың шілдесінде Олексій Іларіонович Кириченко (орыс. Алексей Илларионович Кириченко) Украин Коммунистік партиясын басқаруын бастады. Бұл Украина тарихында ерекше сәт, өйтені Олексій — 1920 жылдардан бері партияны энтикалық украин басқарып көрмеген. 1954 жылдың ақпанында Қырым халқының тек 22%-ы ғана украиндар болғанына қарамастан Қырым түбегі РКФСР-ден Украин КСР-на берілді.

1964 жылы Орталық Комитет пен Политбюро шешімімен Хрущёвтың ізбасары Украинада туған Леонид Брежнев пен Алексей Косыгин болды. Брежневтың билігін жиі "Застой заманы" деп атайды. Жаңа үкімет расцвет, сближение мен слияние (гүлдеу, жақындау мен қосылу) саясатын ұсынды. Оның барысында барлық кеңес одағының халықтарының бір "кеңес халқы" атымен біріктіруі жүргізілді. Оны руссификацияның қайта орнауын деп те санауға болады. Осы идеяны Хрущёвтың "шынайы коммунизмнің нығаюы" деген идеясымен байланыстыруға болады, өйткені Владимир Ленин айтуынша, Кеңес Одағының ұлттары тек коммунизмнің соңғы деңгейінде бірігеді. Брежнев "жаңа тарихи қоғам — кеңес халқы" идеясын жиі айтатын. Брежневтің өлімінен кейін КСРО басшысы Юрий Андропов болды, ол көп ұзамай қайтыс болды. Оның ізбасары, Константин Черненко де бір жылдан көп басқара алмаған, және оның орнын Михаил Сергеевич Горбачёв алды.

Горбачёв заманы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Горбачёвтың алғашқы жылдары Украин Коммунистік партиясын Брежнев тағайындаған, консервативті Володимир Щербицький басқарған еді. Ол 1989 жылы кеткенде ғана Горбчёвтың перестройка мен гласность саясаты басталды. Осының әсерінен басқа кеңестік республикалармен салыстырғанда Украинаға либералдық саясат кейінірек жеткен еді. 1986 жылғы Чернобыл апаты, руссификация саясаты мен экономикалық застойдың әсерінен көптеген украиндар Кеңес үкіметіне қарсы еді. Горбачёвтың перестройкасы Украинада сәтсіз болды, индустрия мен ауыл шаруашылығының 95%-ы мемлекеттік болды. Реформаның талқылануы, бірақ іс жүзінде болмауы украиндарды Кеңес үкіметіне одан да қарсы қылды.[1]

1990 жылы 16 қаңтар күні Украин КСР Жоғарғы Кеңесі Украинаның егемендігі жайлы декларацияға қол қойды. 355 депутат иә деп, және 4 депутат қарсы дауыс берді.

Сол жылдың 2 қазанында Қазан Төңкерісі алаңында (қазіргі Тәуелсіздік алаңы) студенттер елдің саясатының демократизациялануы және одақ келісімінің бұзылуы үшін аштық жариялады. 17 қазан күні Жоғарғы Рада «Киев қ. 2 қазан күнінен бері аштық жариялаған студенттер сұранысын бақылау» атты қаулыны қабылдады.[1]

1990 жылы Украин КСР Жоғарғы Кеңесіндегі тұңғыш демократиялық сайлау жүргізілді. Сайланған Кеңес кейінірек «Украина мемлекеттік егемендігі жайлы декларация»-ны қабылдады.

КСРО құрамынан шығуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Украина тұңғыш Президент сайлауының нәтижесі

Тамыз бүлігі оқиғасынан кейін Украина өзінің тәуелсіздігін жариялады, кейінірек ол Бүкілхалықтық референдуммен қабылданды.

Украина тұңғыш президенттік сайлауында Леонід Кравчук жеңді.

1991 жылы 8 желтоқсан күні Кравчук, РКФСР Президенті Борис Ельцин және Белорус КСР Жоғарғы Кеңесінің басшысы Станислав Шушкевич КСРО ыдырауы және ТМД құрылуы туралы Беловеж келісіміне қол қояды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

КСРО-дағы (РКФСР-ден кейінгі) екінші ең маңызды экономикасы бар республика. Украин КСР басқа республикалардан көп өндіретін болған. КСРО-ның бүкіл ауыл шаруашылығының төрттен бірі Украинаның құнарлы топырағында өсіріледі.

Бүкіл КСРО жерінде дін репрессияға ұшырады. Шіркеулер жойылды, мемлекеттік дін — атеизм болды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]