Түркістан қаязы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Түркістан қаязы

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Ұлы табы: Сүйекті балықтар
Табы: Actinopterygii
Сабы: Тұқытәрізділер
Тұқымдасы: Тұқылар
Тегі: Luciobarbus
Түрі: L. capito
Екі-есімді атауы
Luciobarbus capito
(Güldenstädt, 1773)
Синонимдері

Barbus capito

Түркістан қаязы (Barbus capіto conocephalus) – тұқытәрізділер, қаяз туысының түр тармағы. Қазақстанда Сырдария су алабында Шардара су қоймасынан бастап оның төм. сағасына дейін (Арыс, Бөген өз. су алабы), Шу өз-нің су алабынан Қырғызстанның шекарасына дейін тараған. Арал қаязынан айырмашылығы – тұщы суды ме-кендейді, алыс қашықтыққа қоныс аудармайды. Қабыршағы ірі, алтын тәрізді сары түсті. Денесінің ұз. 70 см, салм. 5,3 кг-ға дейін жетеді, 10 жылдай тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 4 – 6 жылда жетіледі. Су температурасы 16 – 23ºС-қа жеткенде, сәуір айының аяғынан шілдеге дейін уылдырығын (195 мыңға дейін) топырақты-тасты жерлерге шашады. Негізінен өсімдіктермен және балдырлармен, хирономидтердің, жылғалықтардың, мизидтердің, креветкалардың дернәсілдерімен, сондай-ақ ұсақ балықтармен қоректенеді. Т. қ-ның еті бағалы болғанымен, саны өте аз, сондықтан кәсіптік маңызы шамалы. Оның жылдан-жылға таралу аймағы азайып бара жатқандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5