Трейлер
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Мына мақаланы не бөлімін Тіркеме дегенмен біріктіруге ұсынылған. (Талқылауы) |
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/HMMWV_3q_ton_trailer_M1101.jpg/150px-HMMWV_3q_ton_trailer_M1101.jpg)
![](http://chped.net/https/upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/57/2008-08-02_UPS_long_trailer_1.jpg/150px-2008-08-02_UPS_long_trailer_1.jpg)
Трейлер (ағылш. traіler – сүйреу) – ауыр салмақты, бөлінбейтін жүктерді тасымалдауға арналған тіркеме. Трейлер тиеу биіктігі төмен сатылы рамадан тұрады. Жолға түсетін меншікті күшті азайту мақсатында, Трейлерлер бірнеше осьті, көп дөңгелекті болып жасалады. Трейлердің жүккөтергіштігі 20 – 60 т аралығында. Бірақ кейбір энергетикалық қондырғыларды (қуатты генераторлардың, турбиналардың бөліктері және т.б.) тасымалдау үшін жүккөтергіштігі 100 т және одан да жоғары Трейлерлер жасалады. Трейлердің платформасы металл төсемнен және борттық білеуден тұрады, қайырмалы траптармен, жүкті түсіру және тиеуге арналған механизммен жарақтандырылады.[1]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |